Арман Исетов Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды
Фото: gov.kz
Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрлігінде бірқатар лауазымдарды тағайындады. Президент өкімімен Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына Арман Исетов тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақорда бірқатар лауазым өкілдерінің тағайындалғаны туралы мәлімдеді.
“Мемлекет басшысының өкімімен Арман Асқарұлы Исетов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды”, – делінген хабарламада.
Арман Исетов Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. Бұған дейін:
- – Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі;
- – Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілінің бірінші орынбасары;
- – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаментінде әртүрлі лауазымда қызмет еткен.
Одан бөлек:
Роман Василенко Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы өкілдігінің басшысы болып тағайындалды;
Марғұлан Баймұхан осы қызметтен босатылды.
Ержан Елекеев Қазақстан Республикасының Кувейт мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.
Азамат Бердібай осы қызметтен босатылды.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
