Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арман Әшімов UFC төрінде жұдырықтасады

Тағы бір қазақстандық спортшы UFC төрінде жұдырықтасуы мүмкін.  Аралас жекпе-жектегі ең беделді промоушен қазақстандық Арман Әшімовті өзінің ресми сайтына орналастырған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Арман Ашимов MMA турнирінде жекпе-жек өткізеді

Бұл туралы Vesti.kz сайты жазды. Дерекке сүйенсек, қазақстандық спортшының аты-жөні UFC ресми сайтында 4-ші сәуір күні тіркелген. 

Десе де бұл мәліметке байланысты спортшы да, оның менеджері Саят Әбдірахмановта әзірге жақ ашпады. Әрі нақты келісімшартқа отырғаны туралы хабарлама таратпады. 

Фото: vesti.kz

Еске салайық, Арман Әшімовке бұған дейін 2 мәрте UFC-де жұдырықтасу мүмкіндігі берілген. Алғашқысы 2020 жылы. Бірақ ол кезде пандемияға байланысты спортшы АҚШ-қа визасын уақытында ала алмады. Екінші рет Суингапурде жекпе-жекке шығуы керек еді. Ол жолы қарсыласы октогонға шығудан бас тартты. 

Айта кетейік, Stan.kz қазақстандық спортшы Ассу Алмабаевтың да UFC-мен келісімшартқа отырғанын жазған еді.

Талқылау