"Әркім өз пәтерін алады": Астана әкімдігі сүрілетін тұрғын үй кешендеріне қатысты мәлімдеме жасады
Астана әкімдігі Dublin және Washington тұрғын үй кешендерін бұзуға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Dublin тұрғын үй кешенінің (салушы G-park) құрылысы рұқсатсыз жүргізілген, Айтматов және Молдағалиев көшелерінің қиылысындағы жер телімі алдын ала белгіленіп, жылу магистралін салуға бөлінген.
Осыған байланысты бұл жер телімінде құрылыс жұмыстары тоқтатылды. Осыған дейін құрылысы басталған бөліктер бұзылып, рұқсат етілген жерге ауыстырылады. Құрылыс компаниясымен келісім-шарт жасаған азаматтардың мүддесі қорғалады, әркім өз пәтеріне ие болады", – деді әкімдіктің баспасөз қызметі.
Washington тұрғын үй кешеніне келсек, әкімдік құрылыс салушыға заң бұзушылықтарды жою және барлық қажетті рұқсат қағаздарды алу тапсырылғанын айтты.
Талқылау