Арқалықта нейрохирург мас күйінде ота жасаған деген күдікке ілінді: Денсаулық сақтау министрі пікір білдірді
Фото: istockphoto.com
Үкімет отырысындағы брифинг барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қостанай облысында болған қайғылы оқиға – операциядан кейін науқастың көз жұмуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Журналистің айтуынша, Арқалық қаласында науқас хирургиялық ота кезінде қайтыс болған. Қазір хирург мас күйінде жұмыс істеді деген күдікке ілінген.
"Оқиға орнында фармацевтикалық бақылау департаменті жұмыс жүргізіп жатыр. Облыстық полиция департаменті тарапынан тиісті іс қозғалды. Тексеру нәтижелері бойынша түсініктеме береміз. Полиция департаменті тарапынан толық ақпарат берілмегенімен, біз өз тарапымыздан арнайы маман бөлдік", – деді министр Ақмарал Әлназарова.
"Костанайские новости" басылымының жазуынша, операцияны Қостанай облыстық ауруханасының нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі жүргізген. Өкінішке қарай, 61 жастағы науқас ота үстелінде қайтыс болған.
"Марқұмның ұлы әкесінің өлімін операциялық бөлмеге өзі кіріп, мәйітті көрген кезде бір-ақ білген. Қайтыс болған адамның туыстары дәрігерді аурухана аумағында тоқтатып үлгерген. Марқұмның қызы Әсел Оспанованың айтуынша, оқиға орнына полиция шақырылып, дәрігерді медициналық куәландыруға апарған. Тексеру нәтижесінде хирургтің мас күйде болғаны анықталған", – деп жазды басылым.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік