Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арқалықта сәби өлімі 40%-ға өскен: Министр еліміздегі нәрестелердің шетінеп кетуінің себептерін айтты

7 маусымда өткен Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында балалар медициналық орталықтарының жабдықталуы 86% екені айтылды. Депутат Берік Бейсенғалиев Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында бұл көрсеткіш салыстырмалы түрде төмен екенін айтып, бұл өңірлердегі бала өлімінің көп екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

наресте

Еліміздегі балалар медициналық орталықтарының жабдықталуы 86% болғанымен, Шымкент пен Қостанай қалаларында көрсеткіш төмен. Шымкентте 79%-ға жеткен, Қостанай үшін – 75%.

Сонымен қатар сәби өлімі мәселесі көтерілді.

“Елімізде 1000 балаға 8,8 сәби өлімі сәйкес келеді. Бұл өзге елдермен салыстырғанда айтарлықтай көп. Шет аймақта жылдан-жылға өлі туатын балалар көбеюде. 2021 жылға қарағанда 2022 жылы Арқалықта сәби өлімі 40%-ға өскен”, – деді Бейсенғалиев.

Бұл сауалға Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният сәби өлімін азайтуға бағытталған қандай шаралар қабылданғанын айтты.

“Жалпы елде нәресте өлімі 9%-ға азайды, үш айда 12%-ға төмендеген. Солтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қостанай облысында бірақ көрсеткіш артқан. Бұл аймақтарға талдамалы мамандар келіп, консультациялық көмек берді. Бұған көп жағдайда әйелдің жатырындағы инфекциялық аурулар әсер етіп, нәресте шала тууы әсер етеді”, – деді Ғиният.

Министрдің айтуынша, еліміздегі бала өлімі ананың денсаулығына байланысты болады.

Ол жүкті әйелдерді есепке алу енді 12-ші емес, 10-аптадан басталатынын айтты. 

“Биыл 13 перинатальдық орталық ашу жоспарлануда, соның бірі Қостанай облысында ашылады. Жабдықтармен қамтамасыз ету деңгейін 90%-ға жеткізу үш жылға 40 миллиард теңге бөлінді. Сондай-ақ Арқалықтағы орталықтарға күрделі жөндеу жүргізіледі”, – деді министр.

Талқылау