Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша сотталған бухгалтер бостандыққа шықты
Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша сыбайластардың бірі Айым Сәдуақасова сот шешімімен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Press.kz
"Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2023 жылғы 20 маусымдағы Айым Сәдуақасоваға қатысты үкімі өзгертілсін. ҚР Қылмыстық кодекстің 74-бабының 1-бөліміне сәйкес, Қылмыстық кодекстің 2-тармағының 5-бабының 28-бабы және 189-бабы 4-бөлігі бойынша тағайындалған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын өтеу 5 жылға кейінге қалдырылсын" - деді судья Мұрат Солтыбаев.
Судьяның айтуынша, Айым Сәдуақасова 5 жылға босатылып, содан кейін сот тағайындаған жазаны өтейді.
"Айым Сәдуақасоваға қатысты бұлтартпау шарасы жойылсын, қамаудан дереу босатылсын. Айым Сәдуақасованы үкім заңды күшіне енгеннен кейін 1 күн мерзімде тұрғылықты жері бойынша пробация қызметіне есепке қою үшін келуге міндеттесін", - дейді ол.
Еске салайық, биыл 20 маусымда Арыстанбек Мұхамедиұлының сыблайластары Айым Сәдуақасова, Алмаз Нұразхан және Азамат Көшенов сот шешімімен 7 жылға сотталған еді.
Бұған дейін Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша сотталған Айым Сәдуақасованың ұлы Нұрбек Сәдуақасов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына өтініш жолдап, анасына қатысты әділдікті сұрайтынын айтқан болатын.
Айта кетсек, апелляция Арыстанбек Мұхамедиұлына шыққан үкімді өзгеріссіз қалған болатын.