Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әріптесін сотқа берген ақтөбелік имамның арызы жала болып шықты (фото)

Бірнеше апта бұрын Ақтөбедегі «Нұр Ғасыр» мешітінің жанындағы «Зекет» қорының заңды өкілі Дәмен Өмірбек мешіттің бас имамы Төлеби Оспанды сотқа берген болатын. Ол бас имамның өзіне қысым көрсеткенін әрі жұмыс істеуге үнемі кедергі келтіретінін айтып шағымданған-ды. Мешітте қызмет ететін азаматтар бұл мәселеге қатысты пікірлерін айтты.

_MG_5496

Бұл туралы “Нұр Ғасыр” мешітінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Ақырында Дәмен Өмірбектің имам Төлеби Оспанның үстінен түсірген шағымының негізсіз екені анықталды. Дәкен Өмірбек имамды “мешіт қызметкерлерін қудалап, жұмыстан шығарды” деген мазмұнда айыптаған болатын.

“Бұған дейін мешіт қазандығында қызмет ететін жұмысшылардың жалақыларының қысқарғандығына шағымданып, Еңбек инспекциясына хат жолдағаны рас. Алайда, мәселенің мән-жайын тексерген Еңбек инспекциясының мамандары жұмыс берушінің тарапынан ешқандай заңбұзушылықтың орын алмағандығын анықтап берген. Бұны мешітте қазандық операторы болып жұмыс істейтін Қамат Досмурзиннің өзі де растап отыр”, – делінген баспасөз мәлімдемесінде.

мешіт актобе-230217

“Мен Нұр Ғасырда қазандық операторы болып біраз жылдан бері жұмыс істеймін. Еңбек инспекциясына шағым түсіргендердің арасында мен де болдым. Алайда, бұнымыз қателік болды. Себебі, инспекция мамандары мешіт тарапынан ешқандай заңбұзушылық орын алмағандығына заң жүзінде көзімізді жеткізді. Осы әрекетімізге қарамастан мешіт тарапынан ешқандай қысым не қудалау әрекеттерін көрген  жоқпын. Жалақым да, зейнетақы жарнасы да уақытылы түсіп тұрады. Одан бөлек діни мерекелер қарсаңында берілетін сыйақылар мен қайырымдылық шаралар кезінде берілетін азық-түліктерден де қағылған емеспін”, – дейді ол.

“Қазандық операторлары болып екі рет арыз-шағым түсірдік. Біріншісінде – Еңбек инспекциясына жалақы жөнінде және екіншісі – іс басқарушы Б.Балкеновтың үстінен қалалық сотқа. Осы екі арыз-шағымды жазуға үгіттеп, арыз мәтінін дайындап берген Дәмен Өмірбек болатын. Мен тек қол қойдым. Ол ақша өндіріп беремін деп сендірді. Бірақ, еңбек инспекциясы еңбек шарттарының бұзылмағандығын анықтап берді. Мен алданып қалдым. Осы ісіміз арқылы мешіттің беделіне нұқсан келтірдік. Бірақ, біздің осы әрекетімізді мешіт әкімшілігі бетімізге басқан емес. Жалақыны да уақытылы алып келемін”, – дейді бүгінгі таңда қазандық операторы болып қызметін жалғастырып жүрген Жасұлан Тойлыбаев.

Одан бөлек баспасөз қызметінің мәлімдемесінде Дәмен Өмірбекке ешқандай да қысым көрсетілмегенін, тек ол мешіт қызметкері болмағандықтан оған тұрақты жалақы төленбейтіндігі айтылған.

Сондай-ақ, “мешіттен ақсақалдардың қуылып, жастардың бата беріп жүргені” де жалған болып шықты.

Есім_дәулетбаев_Құран_оқып_бата_беруде

“2016 жылдың жаз айында ақсақалдар алқасын тараттық. Өйткені, көпшілігінің жасы 80-нен асқан еді. Қазір мешітте қоғамдық жұмыстар өте көп. Бұрыңғы ақсақалдар алқасы жаңа құрамды қолдады. Баталарын берді. Ақсақалдар намаздарда алғашқы саптардан орын алып, елге баталарын беріп жүр. Қазіргі алқа мүшелерінің арасында облыстағы беделді оқу орнының президенті де бар. Қазір олар мешіттің қоғамдық жұмыстарында өте белсенді. Садақа мәзірін бірізге түсіру ісіне атсалысып жүр. Олардың ең жасы 44-те, ал, ең үлкені 70-те”, – дейді «Нұр Ғасыр» мешітінің ақсақалдар алқасының бұрынғы төрағасы Қуандық Қабден.

Қуандық_қабден

Мешіттің Дәкен Өмірбектің арызына берген толық жауабын осы жерден оқи аласыздар.

Жіберіп алмаңыз:

Батыс Қазақстанда 16 жастағы қыз 3 күннен бері табылмай жатыр

Ақтөбелік әйел күйеуінің опасыздығына көз жұмған құрбысына ашуланды

Өскемен тұрғыны өз әйеліне сыйлау үшін бөгде әйелдің тоны мен телефонын тартып алған

Қазақстандық мектеп оқушысы “Қаражорға” билейтін робот құрастырып шықты (видео)

Талқылау