Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік әйел күйеуінің опасыздығына көз жұмған құрбысына ашуланды

Ақтөбе қаласының тұрғыны тікелей эфирде құрбысының отбасы туралы айтып берді. Оның 45 жастағы құрбысы күйеуінің опасыздығына көз жұма қарайды екен.

Ob-izmene-v-tsifrah-1

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

Психолог мамандар кез келген адамның жұбайының жүргіштігін өзімен байланыстырып жатыр. Яғни ерлі-зайыптылардың арасындағы сезім градусының төмендеуі, әйелінің еріне көңіл бөлмеуі, әйелдің өзіне күтім жасамауы сияқты себептер ер азаматтың опасыздық жасауына себепші болады екен. 45 жастағы қазақстандық әйел өзінің күйеуінің опасыздығына көз жұмып жүр. Аталған бағдарламаға оның жақсы құрбысы хабарласып, психолог маманнан көмек сұрады.

“Жақын құрбым бар. Өзі тамаша адам. Жасы қырық бесте. Үйінің жағдайын жасап, күйеуіне үш ұл тауып беріп отыр. Тума-туыстарының алдында да өте беделді. Өзі нағыз әйелге тән мінез-құлыққа бай. Бірақ сол әйелінің қадірін күйеуі білмей, зина жасайды. Әлгі құрбым оны опасыздық жасап жатқан жерінен талай рет ұстап алған болатын. Туыстарының көзінше де әшкереледі. Бірақ ері бұл әрекеттерін доғарар емес. Тіпті, опасыздығын көзбен көріп тұрса да, мойындамайды. Көп адам бұл ситуацияда құрбымды кінәлі етіп шығаруға тырысады. Әйел талай рет онымен айырылысып кеткісі келді. Қазір үш ұлы үшін күйеуін кешіріп, бірге тұрып жатыр. Ал күйеуі баяғы әдетіне салып жүр. “Маған күйеуімнің үйге келіп-келмейтіні бәрібір. Не істесе де, өзі білсін” дейді. Ол әйелді қалай тәрбиелеуге болады?”, – дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны.

Психолог маман Лимана Құттыбекқызы бұл ситуацияда әйелдің өзіне берер бағасының төмендегін айтты.

“Басқа үйдің отбасы ну орман секілді. Жұбайлардың ішкі қарым-қатынасының қандай екенін біз білмейміз. Білімді, әдемі адамдардың да кемшілігі болуы мүмкін. Мұндай адам жеке қалғанда сүйіктісіне жаман қылықтарын көрсетуі де ғажап емес. Бәлкім, әйел эмоционалдық түрде қатты ашуланшақ шығар? Психолог мамандар еркектердің “эмоционалдық аштық” салдарынан опасыздық жасайтынын айтады. Мысалы, әйел қарапайым шай ішкен кезде жылы қуат бөліп, жақсы атмосфера қалыптастыруы тиіс. Бұл жетіспеген жағдайда, ер азамат оны сырттан іздейді. Ең біріншіден, сіздің құрбыңыз өзін бағалап үйренуі тиіс. Өзін бағалаған әйелді ер адам ешуақытта аяқ асты етпейді. Бір-екі рет өзінің қаншалықты жоғары екенін көрсетсе, ер адам өзінің қателігін түсінеді. Қайтып келіп, әйелінің жүрегін жаулау үшін түрлі ерлікке баруы мүмкін”, – дейді Лимана Құттыбекқызы.

Әнші Ерлан Орынбасаров та осы пікірді қоштады. Ол адамның өзіне лайық серік табатынын айтып жатыр.

“Ең бірінші, адамның жүрегінде иман болуы керек. Мұны тек жігітке қатысты айтып жатқаным жоқ. Иман бар жерде отбасы тату-тәтті өмір сүреді. Өзің қандай болсаң, жарың да сондай болады. Кейбір жігіт “Жасым 30-дан асса да, 18 жастағы қызды алдым” деп мақтануы мүмкін. Ол өзі біраз нәрсені бүлдіріп, оңды-солды жүрген соң барып жас қызды алды. Бірақ ертең әлгі қыз да келіншек болып, ерінің жүрісіне еліктей бастайды. Уақыты келе жаман жаққа қарай өзгереді. Яғни адам өзінің ішкі жан дүниесіне сай адамды жолықтырады”, – дейді Ерлан Орынбасаров.


Жіберіп алмаңыз:

Әуелбекова қырқынан шығысымен клип түсіруге кірісіп кетті (фото)

Продюсеріне тұрмысқа шығатын Луина той көйлегін көрсетті (фото)

Екі рет тұрмыста болған Шахизада тағы да ғашық болып қалды

Қазақстандық музыканттар Димашты қолдау үшін Қытайға аттанды

Ерлан Орынбасаров Баянның тұңғышымен қандай қарым-қатынаста екенін ашып айтты

Талқылау