Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ArcelorMittal акцияларының бағасы арзандап жатыр

Амстердам қор биржасында ArcelorMittal акцияларының құны төмендеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атап айтсақ, компанияның бір акциясының бағасы 5,5% – 21,07 еуродан 19,9 евроға дейін арзандады.

Құнды қағаздар құнының әлсіреуі Костенко атындағы шахтада жарылыстың орын алуынан және "АрселорМиттал Теміртау" АҚ активін Қазақстан меншігіне қайтару туралы ақпараттан кейін басталды.

Еске сала кетейік, 28 қазанда Костенко шахтасында метан газы жарылған. Соққы толқынының таралу диапазоны 2 км-ден асқан. Апат кезінде жер астында 252 шахтер болған деп айтылады. 206-сы өз бетімен жер үстіне шыққан. Қалғандары сыртқа шыға алмай қалған.

Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа көмір оятын орыннан өрт шығуы себеп болған.

29 қазан елімізде жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бүкіл елде жалаулар түсіріліп, барлық ойын-сауықтар тоқтатылды.

Апаттан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметіне "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-мен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. Қарағанды ​​облысында кеншілердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Үкімет "АрселорМиттал Теміртау" АҚ меншігін Қазақстанның пайдасына беру жөніндегі мәміле қазірдің өзінде аяқталып жатқанын мәлімдеген

Айта кетейік, бұған дейін егер Лакшми Миттал кінәлі деп танылса құқық қорғау органдары оны жауапқа тартуға құқылы екені айтылған.

Талқылау