Ар-намысты қорлайтын, кемсітетін пікірлерге лүпіл басу күнә – ҚМДБ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы кибербуллинг және қорлаудың кез келген түріне, соның ішінде ауызша және физикалық қорқытуға, сондай-ақ әлеуметтік оқшаулауға қатаң тыйым салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
ҚМДБ желіде адамның ар-намысына тиетін сөз жазу, қорлаған пікірлерге лүпіл басуды да қолдамайды.
"Әлеуметтік желілер немесе ұялы телефондар арқылы жалған ақпарат тарату, қорлайтын немесе ар-намысты қорлайтын пікірлерді тарату, сондай-ақ лүпіл басу арқылы оны қолдау да күнә", – делінген ҚМДБ мәлімдемесінде.
Сондай-ақ біреудің жеке жазбалары, фотосын немесе видеоларын жариялаймын деп қорқытуға болмайды.
Еске салсақ, бұған дейін ҚМДБ жастар арасындағы қатігездікке байланысты үндеу жасаған еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген