Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алакөлге ұшатын әуе рейстерінің бағасы белгілі болды

Алакөл демалыс аймағына әуе рейстері жанданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еліміздегі карантиндік жағдайға байланысты жаз мезгіліндегі демалыс аймақтарының жұмыс істеу режимі өзгертілді. Бүгінде олар барлық санитарлық норма талаптарына сүйенуі керек. Осыған орай барлық нормаларды сақтай отырып бірқатар әуе компаниялары Алакөлге Нұр-Сұлтан мен Алматыдан әуе рейістерін жандандырған болатын. Алдағы уақытта рейстердің саны артпақ.

Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. 

2020 жылдың 23-мамырынан басталған әуе тасымалы 50 адамдық ұшақтар арқылы жүзеге асырылуда. Билет құны 10 мың -16 мың теңге аралығында. 

Қазіргі таңда әлемдегі пандемия жағдайына қарамастан, Алакөлге ұшатын ұшақтардың санын көбейту жоспарланып отыр дейді баспасөз қызметі. 

Естеріңізге сала кетейік, 19-маусымнан бастап Алакөл ашылып, ол жерде демалу үшін туристер корнавирусқа тестен өтулері қажет. Алайда, Алакөлдегі демалыс орындарының көпшілігі санитарлық талаптарға сай болмай шыққаны туралы жазған болатынбыз. 

 


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр