Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алакөлдегі демалыс орындарының көпшілігі санитарлық талаптарға сай болмай шықты

Бүгінгі күнге дейін Алакөлдегі 175 демалыс орынының бірде-біреуі  2020 жылдың туристік маусымына толығымен дайын екені туралы анықтама алмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

13 маусымнан бастап қазақстандықтар Алакөл жағасында демала алады. Алайда барлық демалушылар мен демалыс орындарының иелері санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтауы керек.

Үш арнайы мониторингтік топ демалу аймақтарының дайындығын тексеру үшін Алакөлге аттанған. Тіркелген 175 демалыс орталығының тек 59-ы немесе 34% ғана дайындық жұмыстарын бастағаны белгілі болды. 116 демалыс үйлерінің иелері демалушыларды қабылдауға дайындықты әлі бастаған жоқ.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігі департаменті басшысының орынбасары Нұрланғазы Ибраевтың айтуынша, 59 демалыс орталығының тек біреуі ғана адамдар көп жиналатын орындарда кезекке тұруды қамтамасыз ете алады, 12 контактісіз термометр сатып алынған, антисептиктері бар санитарлық құралдар орнатылған, 32 дезинфекциялық құрал сатып алынған.



Сондай-ақ, ойын-сауық орталықтарында орнатылған ойын нысандары залалсыздандырылмаған, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік стандарттарының сақталуын мен келген адамдардан жауап алуды бақылау үшін жауапты тұлғалар анықталмаған.

"13 маусымнан бастап біз туристік маусымды көлде бастаймыз. Жоспарланған күнге сәйкес Алакөл жағалауында профилактикалық дезинфекцияның бірінші кезеңі өткізілді. Демалушылар арасындағы әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету үшін таңбалар жағажайдағы күн төсеніштерінің орналасқан жерін белгілеу арқылы жасалды. Ең бастысы - демалушылардың денсаулығы. Сондықтан біз барлық кәсіпкерлерден қауіпсіздікті және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау бойынша шаралар қабылдауларын сұраймыз", - деді Нұрлағазы Ибраев.

Естеріңізге сала кетейік, Алакөлге келген демалушылар жедел тестілеу немесе ПТР нәтижелерін ұсынуы керек. Бұл жағдайда тек бір отбасы мүшесі коронавирусқа тест тапсырса болады.

Талқылау