Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шын-өтірік екені бәрібір": Әнуар Нұрпейісов БАҚ-тың ақпаратты қалай тексермей таратанын дәлелдеп ұялтты

Әнуар Нұрпейісов кейбір БАҚ-тың жалған ақпаратты тексермей тарататынын дәлелдеп ұялтты. Осы орайда ол өзі туралы жалған ақпарат таратып көрді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әнуар Нұрпейісов

«Достар, қазір сіздерге бонус бермекпін. Сіздердің пікірлеріңіздің қалай бұрмаланып кетуі мүмкін екенін айтайын. Қазір біз бір фейк ақпаратты ZTB, Nur.kz, Не хабар парақшаларына жібереміз. «Мен Шри-Ланкада демалып жатып, Әнуар Нұрпейісов мырза жұмыс істейтін қонақүйге тап болдым» дегендей. Олар осы ақпаратты қалай тарататынын көрейік», - деп суретін жолдады актер. 

Әрі қарай ол бұл ақпаратты кей басылым мен telegram-каналдардың еш тексермеcтен желіге таратып жібергенін көрсетті. Алдымен, блогер Әлішер Елікбаевқа жібергенінде ол арада 5 минут өтпей жатып бөлісті. Әнуар Нұрпейісов өз кезегінде ақпаратта өз қонақүйіне сілтеме болғанын қалағанын жасырмады. 

«Мен сіздерге бұл принциптің қалай жұмыс істейтінін көрсеткім келеді: кез келген ақпаратты тираждау. Ең бастысы, ақпарат «перчинкамен» болса болғаны. Ал оның фейк немесе емес екені маңызды емес. Сол себепті сіздің сана-сезіміңізбен әрдайым біреудің манипуляция жасайтынын біліңіз», - деп күлді өнер иесі. 

Естеріңізге сала кетсек, ол осы уақытқа дейін өзінің шын мәнінде елден неге кетіп қалғанын түсіндірген болатын. 

Талқылау