Қонаев қалалық сотының төрағасы 9 миллион теңге алғаны үшін сотталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров Қонаев қалалық сотының төрағасы Жайық Жанболатовтың не үшін істі болғанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Агенттік өкілінің мәлемітенше, Жанболатов 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған.
“Ол сотталушыға жазасын жеңілдету сылтауымен, аса ауыр қылмысты жеңілдету бойынша 9 млн теңге мөлшерінде заңсыз сыйақы алу арқылы алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Қосымша жазалау шарасы ретінде Жанболатов өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ”, – деді Данияр Бигайдаров брифинг барысында.
Еске салайық, бұған дейін Антикор Шымкентте санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы пара алғаны үшін сотталғаны туралы айтқан еді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан