Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Антикор Гүлмира Сатыбалдыға қатысты істі сотқа жіберді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы келіні Гүлмира Сатыбалды мен басқа да адамдарға қатысты кәсіпкерді заңсыз бас бостандығынан айыру, аса ірі мөлшерде бопсалау және ауыр зардаптарға әкеп соққан өзін-өзі басқару күдігі бойынша қатысты тергеуді аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Қазір процеске қатысушылар қылмыстық іс материалдарымен танысып шықты. Алматы қаласы тергеу сотының санкциясымен Гүлмира Сатыбалдыға қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына жолданды.



“Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі”, – делінген хабарламада.

Бұған дейін Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тағы бір іс бойынша тергеу аяқталған еді. 

Талқылау