Анталияда жүрген Аша Матай жұртты мінсіз мүсінімен қызықтырды
Арман Қоңырбаев пен Аша Матай көптен күткен демалыстарына аттанды. Олар қазіргі уақытта сәбилерімен бірге Түркияда демалуда. Ашаның айтуынша, Анталия шахары – баламен саяхаттағанға өте ыңғайлы мекен.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Көпшілік Ашаны өрескел қылығы жоқ, ибалы да инабатты нағыз оңтүстіктің келіні санайды. Бұл жолы да солай. Желі оқырмандары Ашаның жабық купальнигіне тәнті болды. Актрисаның мінсіз мүсініне қызыққандар да көп болды.
“Нағыз қазақ қызы”, “Аша көркіңе ақылың сай екен”, “Сенің қазақилығың сені ажарландыра түседі”, “Демалыстарыңыз жақсы өтсін, керемет сурет”, “Орнықты, өте әдемі, жарайсың, ашық-шашық түспей”, – деп тамсанды оқырмандар.
Алайда кейбір фолловерлерге Ашаның купальникпен түскен (жабық купальник болса да) суреті ерсі көрінген.
“Сізге қазақилық жарасады, соңғы уақытта келбетіңізді жаман жағынан көрсетесіз”, “Не мына отырыс? Сен де Арманға обал жасама”, “Əй қазағымның қыздары-ай, шешінгендеріңе мəзсіңдер, не сұмдық елдің алдында танымал қыздар күннен күнге шешініп барады, күйеуің бар əйелсің, ұят қайда?” – деп сынады желідегілер.
Жіберіп алмаңыз:
Америкада жүрген Жанар Дұғалова атақты Николь Шерзингермен дуэт айта ма? (фото)
Інісімен қосылып күй шерткен Димаш жұртты сүйсіндірді (видео)
Нұртас Адамбай: Елімізде балалар ауырып жатқанда – шетелдік әртістерге ақша төлеу бұл – нағыз қорлық
Фонограмма, ұрлық, жасандылық: Әли Оқапов бүгінгі эстраданың кемшіліктерін атады