Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Інісімен қосылып күй шерткен Димаш жұртты сүйсіндірді (видео)

Иә, расында да алма ағашынан ұзаққа түспейді! Димаштың әлем таныған әншіге айналуы бірінші Жаратқанның берген сыйы болса, екінші өнер десе ішкен асын жерге қоятын ата-анасының арқасы.

димаш мансур кудайбергеновтер

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Димаштың інісі мен қарындасы да өнерден кенде емес. Қарындасы Раушан жас болса да, үш тілді еркін меңгерген нағыз зияткер. Ол Ақтөбедегі Назарбаев зияткерлік мектебінде оқиды. Ал кішкентай Мансұр ағасы сияқты домбыра шерткенді ұнатады.

Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде Димаштың туған інісі Мансұрмен бірге күй шерткен видеосы пайда болды.

Желідегілер ағайынды Құдайбергеновтердің өнеріне тәнті болды. Көпшілік “Мансұрға Димаштың жолын берсін” деп ақ тілектерін білдірді.

Жіберіп алмаңыз:

Жапония астанасындағы лэд-экранда Димаштың суреті пайда болды

Айқын “Димашты Қытайға бармай тұрып қолдамадыңдар” деп сынаушыларға жауап берді

Мейрамбек Бесбаев «астарлы саясат» жүргізіп отырған «Гәкку» арнасының былығын әшкере қылды

Ләйлә Сұлтанқызы: Ұлды әлпештеп қызды қатал ұстағандықтан, әлсіз ерлер мен мықты қыздар көбеюде

Талқылау