Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкада жүрген Жанар Дұғалова атақты Николь Шерзингермен дуэт айта ма? (фото)

Жанар Дұғалова өзге әріптестері ұқсап өзінің қайда және не істеп жүргенін айта бермейтін әнші. Ол қазіргі уақытта шетелде жүр. Отандық арналардың біріне берген сұхбатында әнші демалыс пен жұмысты ұштастыратынын айтып қалды. Алайда нақты қандай түсірілім жұмыстарын жүргізетінін құпияда қалдырды.

20478758_1585611091457720_3685038247265697792_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Оның үстіне, қай елге кететінін де жария етпеді. “Барлығын уақытында білетін боласыздар”, – деп қысқа қайырды әнші.

Есесіне Жанар әлемге әйгілі жұлдыздармен кездесіп, олармен бірге түскен суретін жариялады.

Күні кеше Жанар 2000 жылдары әлемді шулатқан “Pussycat Dolls” тобының әншісі Николь Шерзингермен түскен суретін көрсетті. Оны көрген желі оқырмандары “Николь қартайып кетіпті, Жанарымыз әдемірек екен”, – деп шуласты. Көпшілікті “Жанар мен Николь дуэт айта ма?” деген сұрақ мазалады.

20482336_834275046741730_7473463486991826944_n

Одан бөлек, Жанар америкалық актер әрі модель Джесси Уильямс пен актер Омар Бенсон Миллермен түскен суретін жариялады. Соған қарағанада Дұғалова мұхит асып, Америкаға кеткен ұқсайды.

Жіберіп алмаңыз: 

Інісімен қосылып күй шерткен Димаш жұртты сүйсіндірді (видео)

53 жастағы ресейлік әнші сырт келбетімен көрермендерін таңғалдырды

Жігітім қытайша біледі: Баян Мақсатқызы сүйіктісінің қабілетін көрсетіп мақтанды (видео)

Қазақ журналистері Баянды Жазушылар Одағының хатшысы етуді ұсынды

Талқылау