Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұртас Адамбай: Елімізде балалар ауырып жатқанда – шетелдік әртістерге ақша төлеу бұл – нағыз қорлық

Белгілі шоумен, актер, режиссер Нұртас Адамбай елімізге шетелдік танымал адамдарды шақыруға қатысты пікірін білдірді.

Безымянный

Бұл туралы ол Фейсбуктегі парақшасында жазды.

“Джон Малковичтің онкологиямен ауыратын балаларға барғаны туралы жаңалықты оқыдым. Сол кезде мынадай сауал туындады: балалардың сол актердің шығармашылығымен таныс екеніне ұйымдастырушылар сенімді ме? Оны тіпті біздің ересектердің өзі бәрі бірдей танымайды. Және тағы бір сұрақ: балаларға қайсысы көмектеседі: актермен кездесу ме, әлде актерді алып келуге жұмсалған ақша ма? Менің еркімде болса соншалықты үлкен қаламақы төлеп (мемлекет есебінен) жұлдыздарды Қазақстанға алып келуге тыйым салар едім. Елімізде балалар ауырып жатқанда, мұндай қымбат әртістерге ірі қаржыны жұмсау, бұл – нағыз қорлық”, – деп жазады ол.

Оқи отырыңыз:

Айқын “Димашты Қытайға бармай тұрып қолдамадыңдар” деп сынаушыларға жауап берді

Қазақ журналистері Баянды Жазушылар Одағының хатшысы етуді ұсынды

Мейрамбек Беспаев: Музыкалық арнаны басқарсам, бірінші “жалаңаштарды” құртамын

Мейрамбек: Баян Есентаева секілділердің кітабына уақытымды шығындағым келмейді

Талқылау