Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейрамбек: Баян Есентаева секілділердің кітабына уақытымды шығындағым келмейді

Мейрамбек Беспаев Баян Мақсатқызының кітабын оқып уақытын босқа шығындағысы келмейтінін айтты.

20225948_261753744312545_7942035103201361920_n

Сурет: Мейрамбек Беспаевтың жеке парақшасынан

Бұл туралы Мейрамбек Zhuldyz.tv арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Мейрамбек Беспаев отандық бағдарламалардың бірінде Баян Мақсатқызының өзі туралы жазған кітабына қатысты пікірін білдірді. Әншінің айтуынша, Баян Мақсатқызы мен Динара Сәтжан сынды танымалдар қазақ қыздарына өте үлкен ықпал жасап отыр. Осы орайда, әнші олардың көп әрекетін құптамайтынын, қазақ қыздары үшін қатты алаңдайтынын айтты.

“Мен өмірде әйел адамдардың кітабын оқи алмайтын шығармын. Себебі, біреудің өміріне араласқым келмейді. “Шын мәнінде мынадай болған екен ғой” деп өсек сөз тасығым келмейді. Тек қыз балалардың ішінде ақындардың кітабын оқитын едім. Мысалы, поэзиядан Фаризаны оқитын едім. Ал бірге өмір сүріп келе жатқан замандастырымыздың ішкі дүниесін білгім келмейді. Қазір бір-екі қызға қаракөздеріміз ұрынып, солар секілді болғылары келіп жүр.

Мысалы, Динара Сәтжан, Баян Есентаева сияқтылар қыздарымызды тәрбиелеп жатыр. Бұл нәрсенің соңы жақсылыққа әкеліп соқтыра ма, жамандыққа әкеліп соқтыра ма білмеймін. Бірақ, қаракөздеріміздің соларға еліктеп жатқандары рас. Жалаңаш денесін көрсетуді ұят емес деген келтіру дұрыс емес. Кей жерде әдепті аттап өтіп жатыр. Мұны сәнге айналдырғандары мені кейде қынжылтады. Мен ондай адамдардың кітабын оқымаймын, уақытымды бос кетіргім келмейді”, – дейді Мейрамбек Беспаев.


Жіберіп алмаңыз:

“Әлем миссисі-2017” байқауына Қазақстан атынан 31 жастағы Камилия қатысады (фото)

Ерке Есмахан ұлының әкесімен кездесуіне рұқсат берді

Бейтаныс еркекпен секіріп би билеген Ерке Есмахан желіні шулатты (видео)

Сиви Махмұди жаңа лаунж-бар ашты (видео)

Талқылау