Танымал әншілер “Зың-зың” трегінің авторы жайлы тың деректермен бөлісті (видео)
Жұлдыздай жарқ етіп, жоқ болды! Иә, желіде кеңінен тараған «Шымкенттік қыздары зың-зың» атты тректің авторы бақилық болғанын отандық шоу-бизнес өкілдері әлеуметтік желідегі парақшаларында жарыса жазып жатыр. Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген өнер иелері Болат Нұрымов жайлы көпшілік біле бермейтін тың ақпараттармен бөлісті.
«Бұл жігітпен студияда талай мәрте бірігіп жұмыс жасағанбыз. Бұл жігіт композитор. Көптеген хит әндердің авторы. Мысалға айтатын болсақ, Тоқтар мен Бейбіттің орындауындағы «Менің жаным гүлден де әдемі» деген сияқты көптеген әндердің авторы. Бұл бала бүкіл елге енді танылып, өнерге тәй-тәй басқан кезде Алла ғұмырын қысқа қылған екен. Өте сыпайы, қарапайым, өте керемет жігіт еді», – дейді «Жігіттер» тобының әншісі Мырзахан Маханов.
Иә, тосыннан талантты інісінен айырылып қалған Тоқтарға да қайғылы хабар жеткен. Серіков өзінің инста парақшасына Болат Нұрымовтың видеосын жүктеп, «Болат бауырым-ай, айырылып қалдық сенен. Қатты жақсы көруші едім сені. Жанымызға батып тұр сенің қазаң. Жаның жәннатта болсын бауырым», – деп жазба қалдырған.
Болат жайлы естеліктер толастар емес! Өнерді өмірім деп ұққан жігіт жастайынан музыкамен айналысқан. Талант иесі осыдан 5 жыл бұрын Алматыға арман қуып келген көрінеді. Осы уақыт аралығында көптеген әншілермен, оның ішінде әнші, композитор Айдарбек Рысбекпен де өте тығыз шығармашылық қарым-қатынаста болыпты.
«Халыққа жақсы көңіл-күй сыйлау ниетімен «Зың-Зың» əнін шығарған еді. Түсінетіндер түсінді, түсінбейтіндер балағаттап жазып жатты. Өмір екі соқпайды, өмір лезде тоқтайды. Алыптарын бұл Қазақ, өлгеннен соң жоқтайды деген бар ғой. Біз қазақ шынында да өлгеннен соң жақсы адам еді деп өкінетініміз барғой. Эхх… Бұл бізге берілген белгі, сынақ деп өз- өзімді жұбатудамын. Адамның көзі тірі кезде, өзі тірі кезде сыйлап қадірімізді білуге асығайықшы. Əр өкінер істің арты хайырлы дейді ғой. Болат бауырымның хайыры Ұлында деп сенеміз. Иманды болсын! Мəңгі есіміздесің Болат», – дейді бірнеше жыл Болатпен бірге жұмыс жасаған әнші, сазгер Айдарбек Рысбек.
Алматыға келген жылдары өнерпаз жігіт Дархан есімді досының студиясында ән өңдеуші болып қызмет атқарған. Ал, осыдан бірнеше ай бұрын өкпе ауруына шалдыққан жігіт, кешегі күнге дейін Ташкентте ем қабылдаған екен.
«Ауырып қайтыс болды. Өмірлік мақсаты көп, сондай бір арманшыл, жаңашылдыққа жаны құмар, жан-дүниесі идеяға толы талантты жігіт еді. Талай жоспарлары, армандары бар болатын. Болатпен жұмыс жасағанымызға 5 жылдан асты. Өзімнің туған бауырымдай болып кеткен музыкант інім», – дейді әнші жігіттің Дархан есімді досы.
Нұрымов Болат Әбдіхалықұлы 1989 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Бақилық болған өнер иесінің артында жұбайы мен бір атұстары қалды.
Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.
Оқи отырыңыз:
Төреғали жары Толқынды әріптестерінен де жасырып келген
Мақпал Жүнісова Мирас пен Құралайдың қателіктерін бетіне басты
Ауыпбаев “Меломен” тобымен татуласты: Ол топқа қайта орала ма?
Кенжебек: Әйелім желіде танымал боп кетсе, отбасым бұзыла ма деп қорқамын (фото, видео)