Әнші Шахизада жаңа ғашығына ән арнады
Екі рет тұрмыста болған Шахизада тағы да ғашық болып қалғанын жасырмайды.
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
Шахизада ұлы Олжасты жалғыз өсірген-ді. Тіпті, әкенің қаржылай көмегіне зәру болмаған баласына, алиментті де талап етпепті.
“Мен өтірік айтпай-ақ қояйын, ешқандай көмек болған жоқ. Әкесі жағынан ешқандай балама көмектескен жоқ. Өйткені, мен өзім көмек сұраған жоқпын. Құдай өзіме күш-қуат берді. Өзімнің еңбегіммен баламды оқыттым, үйлендірдім, жеткіздім”, – дейді ол.
Бірақ, әке мен мұрагері арасында байланыс үзілген емес. Ал, бүгінде ғашықтық сезімнің жетегінде жүрген Шахизада, жуырда үшінші мәрте тұрмысқа қамданса, таң қалмаңыз!
“Ғашық болып жүргенім рас! Оны жасырмаймын. Өйткені, ғашықтың сезімнің арқасында, тағы да әдемі хит шығып жатыр. Сол менің жақсы көретін адамыма арналады”, – деп түсіндірді әнші.
Жіберіп алмаңыз:
КешYou әншісі жаңа клипте Айсәуленің елді шулатқан көйлегін киіп алды (видео)
Марқұм әкесін еске алған Ақылбек Жеменей көптің жүрегін елжіретті
Айгүл Иманбаева “Сәбитпен қайта қосылды” дегендерге жауап берді
Павлодарда Қайрат Нұртастың концертінде жоғалған құндыз тон табылды