Әнші Мұқасан Шахзадаев 157 мың теңге жалақы алатынын айтты
Жақында басшылық қызметке тағайындалған Мұқасан Шахзадаев “Ұйқым келмейді” бағдарламасында жұмысы мен жалақысы жайлы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
©instagram.com/mukassan_shakhzadayev
“Алматыдағы Республика сарайында “Алматы әуендері” деген үлкен ұжым бар. Ол жерге 700 адамдай сыйды. Ұжымда “Сазген” фольклорлық ансамблі, симфониялық, камералық оркестр, “Жаңа ғасыр” деген театр, “Самұрық” би тобы, Роза Рымбаева, Нұрғали Нүсіпжанов, Асхат Тарғын сынды әншілер қызмет етеді. Мен сол ұжымның көркемдік жетекшісімін. Қызметімнің ешқандай қиындығы жоқ. Қолымызға күрек алып жер қазып жатқан жоқпыз. Өзімізге тиесілі жұмсы. Біз тікелей әкімдікке және қалалық мәдениет басқармасына қараймыз. Басты міндетіміз – Алматы қалсында болатын іс-шараларды өнерімізбен қамтамасыз етеміз”, – дейді Мұқасан Шахзадаев.
Өнер иесі қазіргі кезде қанша айлық алатнын жасырмай айтты.
Айына “Алматы әуендерінен” алатын айлығым – 157 мың теңге. Басқа табыс көзі жоқ. Тек өнер жағындамын. Себебі екі кеменің басын ұстаған суға кетер дейді. Менің қолымнан кәсіп жүргізу келмейді. Бизнес жүргізе алатын адамдар болады. Біз алданып қаламыз, болмаса тегін бере саламыз.