Әнші Лара жолдасымен қалай танысқанын айтып берді
Қазақстандық әнші Лара Рысбай жолдасымен қалай танысқанын баяндап берді. Әнші болашақ жарын тойда кезіктірген екен. Оk тойда өнер көрсетемін деп қазіргі жолдасымен танысқан.
"Жұбайым өнеріме қарсы емес, керісінше әр сәтте жанымда, қолдаушым, тірегім. Аллаға шүкір! Кеше тойда да, съемкада да жанымда болды.
Ал ендеше танысу сәтімізді жаза отырайын. Біз 26 қыркүйек тойда таныстық. Ақерке әпкем 1 ай алдын хабарласып, сіңлісінің тойы болатынын айтып, түрікше әнді дайындауымды тапсырған болатын. Әпкемнің әр сөзі мен үшін заң ғой. Сонымен ол тойға түрікше әнімді дайындап бардым.
Ойда ештеңе жоқ, жұмыстар қарбаласып жатқан уақыттар еді. Әпкемнің қасында тойдың соңына дейін болдым. Тойдың аяқ жағында маған кезек келді, бірінші Je t’aime ді айт деді. Сахнаға шықтым, әнді айтып жатырмын, сол сәтте жұбайым мені видеоға түсіріпті. Ән айтып болған соң кіре беріс жаққа телефонмен сөйлесіп шығып, Ақерке әпкемнің қасына келсем артымнан бір жігіт (жұбайым) келіп, "Кешіріңіз, сізбен танысуға болама, номеріңізді бере аласыз ба?"-дейді) Сөйтсем жанындағы ұжымдастары, "тормоз болма, ұнап тұрса бар таныс, мүмкін сенің жарың болатын шығар"-депті. Оны кейіннен айтты.
Әншіні тойда танысқан жігіті үйіне дейін шығарып салған екен. Кейін жеке кездесіп, көңілі жарасқан. Бүгінде бақытты отбасы. Ерлі-зайыпты мұсылманша некелескенімен, заңды некеге тұрмаған. Жақында ғана заңды ерлі-зайыпты атанды.
"Номерімді сұрап тұр, қарасам интеллегентті, костюммен серьёзно жігіт сияқты. Ойланып тұрып, дәл сол уақыттарда мамамның "Ойыңның бәрі жұмыс, жалпы жігітпен танысу ойыңда бар ма?" деген сөзі есіме түсіп, көрейін дедім. Сразу Whatsapp қа жазды. Бұлай таныспаған едім, қалай болар екен деген сұрақтар келді. Whatsapp жазып жатыр, кейіннен алып қайтайын заттарыңыз көп шығар деп джентельмендігін көрсетті. Жарайды дедім. Ақерке әпкем бір кезде сені алып барып тастайық дегенде қалай айтарымды білмей қысылғаным-ай. Жоқ такси шақырам деп қысылып отырдым. Олжасқа "жарайды" деп қойғанмын. Той аяқталып барлық қонақтар кеткен, әпкеммен өзіміз болып шай ішіп отырмыз, Олжас әлі сыртта мені күтіп отыр.
Бір кезде шықтық, машинасы ресторанның алдында, өзі ресторанның кіре берісінде күтіп отыр. Сонымен шығарып салды үйге дейін, өзін өте мәдениетті, салмақты ұстады, әңгімеміз де жарасты. Шыны керек, ішімде сан түрлі, сан ой болды, танысқаным дұрыс болды ма, дұрыс болмады ма? Үйге кіргенде қайта мәдениетті жақсы сөздерімен қайта құбылған ойымды тоқтатқандай болды. Ертесіне кездесуге шақырды, жұмыстың қарбалас уақыттары еді және сабырлылығын тексеріп көрейін деп "Бос емеспін, басқа күні"дедім. Менің жан-жарым бір рет емес, бірнеше рет сабырлылығымен қатты таңғалдырды", - деп жазды әнші.
28 мамырда отбасы екі бірдей қуанышты тойлатты. Бірі отағасының туған күні, бірі заң алдындағы неке.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
