Әнші Индира Расылхан енді фильм түсіріп жүр
Бірнеше жыл бұрын Индира Расылхан өнер мектебін ашып, халық көзінен таса болған-ды. Енді әнші шығармашылығын қайта қалпына келтіріп, жаңа әндер жаздырып жатыр екен. Индира ханым осы уақыт ішінде мектеп ашып қана қоймай, фильм де түсіріп үлгерген екен.
Бұл туралы «Таңшолпан» бағдарламасында айтылды.
– ЭКСПО көрмесіндегі ерекше миссияңыз туралы айтып өтсеңіз…
– Жуырда ауқымды конференция болып, Корей павильонының өкілдері келіп, өздерін таныстырған болатын. Ғимараттың бірінші қабатында Корей көрмесі болса, екінші қабатында асханасы ашылмақ. Жалпы 1879 шаршы метрді құрайтын болады. Ауданы өте кең үлкен павильондардың бірі болып есептеледі. Мен солармен бірге жұмыс істейтін боламын.
– Шығармашылығыңызда қандай жаңалықтар болып жатыр?
– Қазір мен жеке шығармашылығыма көп көңіл бөлудемін. Себебі, балалармен жүріп өзімнің шығармашылығым шетте қалып қойды. Қазір жеке шығармашылығыммен айналысып, жаңа әндер жазып жатырмын. Алла қаласа, балаларымды әрдайым өзіммен бірге алып жүретін боламын. Халық менің жеке әндерімді күтіп, сағынып қалған екен.
– Мектебіңізде қанша шәкірт тәрбиелеп жатырсыз?
– Шынымды айтсам, мен балаларды қабілетіне қарай қабылдаймын. Табиғи дарыны жоқ баланы бекер сүйреудің не қажеті бар? Әке-шешесінің қаражатын кім өтейді? Осындайда «Сіздер бір-екі жылдан кейін бір-ақ келіңіздер» деп жылы шығарып саламын. Санға қарағанда, сапаға көбірек жұмыс істейтін адаммын. Қазір мектебімізде 40-50 шақты бала бар. Мектебіміз әнмен ғана емес, фильм түсірумен де айналысып жүр. Балапан арнасының тапсырысымен екі фильм түсіріп үлгердік. Аталған фильмдерге мектебімнің балалары түсіп жатыр. Мен продюсерлік етіп, фильмнің жалпы концепциясын жасадым. Кейде балалармен концерт берген кезде әріптестерім «Қалай миың ашымай жүр?» деп күледі. Мұның барлығын мен махаббатпен жасаймын. Балаға өте шыдамды болу қажет. Бауырларымның балаларын баққан едім. Алла сол себепті маған сабыр берген сияқты.
Жіберіп алмаңыз:
Атырау облысының әкімі Роза Рымбаеваға домбыра сыйлады
Музыкалық білімі жоқ өнер иелері кімдер? (фото)
Айнұр Тұрсынбаева Қарақаттың қызының “жасауын” әзірлеп берді
Омырауын ашып, қысқа көйлек киген Жәния Джуринская жанкүйерлерін шошытты (фото)