Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әннің ырымы басқа": Еркеш Хасен не себепті Қайрат Нұртасқа әнін орындауға рұқсат бермегенін айтты

Отандық жас әнші Еркеш Хасеннің “Анашым” деген әні көптің жүрегіне жеткен көрінеді. Тіпті Еркештің өнерегі әріптесі Қайрат Нұртас та ана туралы әнді сұрап, өтініш жасаған. Еркеш ағасының өтінішін орындай алмағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/erkesh.khasen/kair_n

Еркеш анасына арнаған әнді өзі үшін жазылғанын айтты.

“Бұл коммерциялық ән емес, өзім үшін, жан дүнием үшін жазылған ән. Арасында өзім тыңдап аламын. Сол әнді естіп жақында Қайрат Нұртас ағам хабараласты. “Мына әнді үй жақта айтайын деп едім, минусын берші” деп өтініш. Мен бере алмадым. “Ол әннің ырымы басқа, айтпай-ақ қойыңызшы, анаңыз аман-есен ғой” дедім. Индира Елемес бар, Сәкен ағама бір ән қарызбын, Кенжебек ағама бір ән жазып қойдым. Оны енді сәл түзеу керек”, – дейді Еркеш Хасен.

Айта кетейік, бұған дейін Еркеш жеті айлығында анасынан айырылып қалғанын айтып, көзіне жас алған болатын. Жас әнші күні кеше қызы Мединаның 1 жасқа толған туған күнін атап өтті.

 

Талқылау