Анна Седокованың Rixos Aktau қонақ үйінде өткен концертіне байланысты әкімдік мәлімдеме жасады
Ақтау қаласының әкімдігі желі қолданушылар тарапынан қаладағы ең сәнді қонақүйлердің бірінде өткен украиналық әншінің концертіне байланысты туған наразылыққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Желідегі толқу, еліміздегі коронавирустық кезеңге байланысты тыйымға қарамастан, Rixos Aktau қонақүйінің әкімшілігі украиналық әнші Анна Седокованың концертін тоқтатпағанына байланысты туған.
Қала әкімдігі халық наразылығына жауап бере отырып, карантиндік шектеулерді бұзу фактісі бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Сонымен қатар жағдайды түсінуді және кінәлілерді жазалауды талап ету үшін қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі бақылау басқармасына хат жолданған.
"Концертті ұйымдастырушыға айыппұл салу ықтималдығы бар", – деп атап өтті қалалық әкімдікте.
Семейлік шенеунік карантин талабын бұзып той өткізді деген күдікке ілінді
Естеріңізге сала кетейік, өткен демалыс күндері украиналық әнші Анна Седокова "Rixos Water World Aktau" қонақүйінде өнер көрсеткен. Сонымен бірге қонақүйде қыркүйек айында жұлдыздардың қатысуымен осыған ұқсас екі үлкен іс-шара жоспарланған. Бұдан алдын, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова бес жұлдызды қонақүй аумағындағы барлық концерттер 31 шілдеден бастап тоқтатылатынын хабарлаған болатын.
Эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанша жоспарланған концерттерден бас тартатыны туралы қонақүй әкімшілігі де мәлімдеген.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
