Анна Данилина "Ролан Гаррос" турнирінің финалында жеңіліп қалды
Фото: olympic.kz
Анна Данилина "Ролан Гаррос"–2025 турнирінің жұптық сайысы финалында жеңіліп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық серіктесі Александра Круничпен бірге Франция ашық чемпионатының әйелдер арасындағы жұптық разряд финалында өнер көрсетті. Алайда шешуші кездесуде олар италиялық Сара Эррани мен Жасмин Паолиниден 4:6, 6:2, 1:6 есебімен жеңіліп қалды.
29 жастағы Данилина үшін бұл — "Үлкен дулыға" турнирлеріндегі жұптық разрядтағы екінші финал. Ол бұған дейін 2022 жылы Australian Open турнирінде де финалға дейін жетіп, бірақ жеңіліске ұшыраған еді.
Осылайша, Эррани мен Паолини "Ролан Гаррос"–2025 турнирінің чемпиондары атанды.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ