Аңқау елге арамза молда: Алматы облысында имам сотталды
Серік Кәріпжановтың ісі бір жылдан астам тергеліп, сот екі жарым айға созылды, деп хабарлайды КТК.
Алматы облысында имамның істі болып жатқанын бұған дейін де көрсеткен едік.
Өйткені, қылмысты ашуға жәбірленуші Гүлзира Маматованың дін қызметкеріне сеніп, төрт мың долларды қолхатсыз санап беруі қиындатқан. Дегенмен кәугерлердің сөзінен сүйенген сот молданы кінәлі деп тапты.
“Серік Имамнан шыны керек шаршадық. Сонда да ешкімге бой бермей отыр. Бұндай имамнан құдай сақтасын. Енді ешкімге сенбейміз енді адам баласына”, – дейді жәбірленуші Гүлзира Маматова.
Қылмысы дәлелденіп, кінәлі деп табылса да имамның қолына кісен салынған жоқ. Ақша да қайтарылмады. Екі жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін болғанымен, алаяқтық он жыл бұрын жасалғандықтан экс-имам қылмыстық жауапкершіліктен босатылған. Соттан әбден шаршағандар, мүфтияттан да көмек сұрапты.
“Ол енді жиырма жылдан астам имам болған адам ғой. Қалай көпшілікке халыққа уағыз айтып келді? Қалай тәлім тәрбие берді? Шамалы болса да ұяты қалған шығар деген үмітпен келдік алдыңызға. Осы жағдайға араласып, шақырып сөйлесіп бізге келтірілген залалды қайтарып берсе болды”, – дейді жәбірленушінің өкілі Қазыбек Ертаев.
Десе де, молданың былығын естіген бойда оны мешіттен қуып жіберген діни басқарма болса бұл іске араласпаймыз деп отыр.
“Ол өзінің азаматтық міндеті ретінде мемлекет заңның алдында жауап береді. Екінші мәселе ол діндарлық пенен өзінің тазалық ар намысының алдындағы міндетін әркім өзінің жауапкершілігі болғандықтан оның арына қоямыз”, – дейді Бас муфти Серікбай қажы Ораз.
Жиырма жылдан астам Алматы облысының бірнеше мешітінде уағыз оқыған Серік Кәріпжановтың тағы қанша адамды сан соқтырғаны белгісіз. Діни басқарма молданың ары білсін деп бұл мәселені жылы жапқысы келеді. Қылмыстық іс сотта дәлелденгеннің өзінде мүфтиятта имамдардың тәртібіне жауап беретін бір де бір адам жазаланбапты. Ал сот пен Діни басқарманың табалдырығын тоздырған Гүлзира Маматоваға енді азаматтық сотқа жүгініп, экс-имамға берген ақшасын өндіріп алуға ниетті.
Тағы оқыңыз:
Алматы облысында тау сәт сайын көшіп, жолды жабуға айналған
Мен өзім қалаған әйелге үйлендім: Бауыржан Момышұлы жайлы естелік