Алматы облысында тау сәт сайын көшіп, жолды жабуға айналған
Алматы облысында тау сәт сайын жылжып, әйгілі Көлсай көліне баратын жолды жабуға сәл қалған, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Фото: Досжан Балабекұлы
Бұл құбылысты куәгерлер видеоға түсіріп алған. Айтуларынша, тау 1 минутта 20 сантиметрге дейін ығысып жатыр екен. Оқиға орнына төтенше жағдай қызметкерлері дереу жетіп, қауіптің алдын алуға кірісіпті. Яғни, Көлсайға барар жол жабылып, қозғалыс тоқтатылған. Тау массасы жақын жердегі малшының үйін де басып қала жаздады. Қазір ондағы тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген. Оқиға орнында құтқарушылар жүргенімен, әзірге нақты ақпарат таратылмай жатыр.
Тағы оқыңыз:
Мен өзім қалаған әйелге үйлендім: Бауыржан Момышұлы жайлы естелік
Астанада үш баланың із-түзсіз жоғалған ата-анасы табылды
Бәрі жалған: Мәскеу университетінің 4-қабатынан құлап кеткен қыздың анасы халыққа үн қатты
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды