Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анджелина Джоли бұрынғы күйеуі Брэд Питтің жаңа сүйіктісі үшін ашуланып, талып қалды (фото)

Голливуд жұлдызы Анджелина Джоли бұрынғы күйеуі Брэд Питтің жаңа сүйіктісімен қарым-қатынасы үшін қызғаныш пен ашуға бой алдырған.

Анджелина Джоли

Бұл туралы Hollywood Gossip басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Америкалық басылым мәліметінше, Джоли «өзінен ақылды және әдемі адамдарға төзе алмайды» екен.

«Энджи – өте қызғаншақ әрі бәсекеге қабілетті. Ол жаңа қарым-қатынас екеудің біріншісі болғысы келеді», – делінеді басылымда.

Басылым хабарлағандай, Джоли бұрынғы күйеуі Брэд Питтің жаңа сүйіктісі пайда болғанын білгеннен кейін қатты ашуланған.

Анджелина Джоли бұрынғы күйеуі Брэд Питтің жаңа сүйіктісі үшін ашуланып, талып қалды (фото)

«Ол қатты ашуланып, талып қалды. Шамамен бір минуттай ызаға булықты да, мұнан кейін ұнжырғасы түсіп кетті», – дейді актрисаның таныстары.

Айта кетсек, Брэд Питтің жаңа сүйіктісі – 42 жастағы Нери Оксман. Ол – Массачусетс технология институтында сәулет өнерінің профессоры, сәнгер әрі суретші. Бұған дейін Оксман компохзитор Освальдо Голиховпен некеде болған. Алайда ерлі-зайыпты ажырасып кетті. Сондай-ақ, Питтің жүрегін жаулаған әйел «Грэмми» сыйлығын 2 мәрте иеленген.

Нери Оксман

Питт пен Оксманның кездесуіне себеп болған – сәулет өнері, сән мен өнерге деген махаббат. Қазіргі уақытта олар экологиялық үйлерге қатысты қайырымдылық шарасының аясында серіктестік құрған.

HollywoodLife мәліметінше, Джоли бұрынғы күйеуінің таңдауына қайран қалыпты.

«Неридің ақылдылығы оның қалыпты жолдан ауытқуына себеп болды. Егер Питтің таңдауы тағы да Голливуд актрисасына түссе, Джолиге әлдеқайда жайлы болар еді», – делінеді басылымда.

Оқи отырыңыз:

Анасы жаңа туған сәбиін ұшақта танысқан бейтаныс әйелге бере салған (фото)

Мешітте кәсіпкердің 40 мың доллар көлеміндегі ақшасы қолды болды

Әлемдегі ең кәрі адам қайтыс болды

Үлкен жүректі кішкентай жігіт: Головкиннің досы, актер Верн Тройер дүниеден озды (фото)

Талқылау