Андрей Аршавин “Астана” қақпасына супергол соқты (видео)
“Қайрат” командасының ресейлік шабуылшысы Андрей Аршавин Қазақстан премьер-лигасының 16 турында “Астана” қақпасына керемет гол салды.
Видео PFLK TV-ның YouTube-каналында жарияланған.
Алматының орталық стадионында өткен матчта Ресей құрамасы экс-капитанының айып алаңы маңынан бағыттаған соққысы “Астана” қақпасының тоғыздығына дөп тиді. Өз кезегінде “Қайраттың” ивуарлық шабуылшысы Жерер Гоу мүмкіндігі бола тұра соққы бағыттау кезегін Аршавинге қалдырған болатын. Шава әріптесінің жомарттығын кәдеге жарата білді.
Бұдан кейін “Астана” командасының қорғаушысы Юрий Логвиненко өз қақпасына гол соғып алды. Бауыржан Исламханның алыстан бағыттаған айып добына Юраның басы тиіп кетіп, голға айналды.
Ал матч соңына қарай Германия чемпионатында көзге түскен, Хорватия құрамасының экс-ойыншысы Иво Иличевич есепті 3:0-ге жеткізді. Бұл “Қайраттың” осы маусымдағы қатарынан төртінші жеңісі. Алматылық клуб көш басындағы “Астанадан” екі ұпайға қалып келе жатыр. Ал 36 жастағы Аршавин биылғы маусымда 12 матчқа қатысып, 3 гол соқты.
Оқи отырыңыз:
Роналду жарнама үшін атқа отырып, арабша сөйледі (видео)
Қанат Ислам не себепті қарсыласын нокаутқа жібермегенін түсіндірді (видео)
Қуат Хамит: Шетелден келін әкелсем, бірінші әкем өлтіреді
Атақты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы мүйізі қарағайдай палуандарды жеңіп кетті