Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы: Димаш өте сабырлы. Тіпті, бізге басу айтады

Күні кеше әлеуметтік желі қолданушылары бір кездері Димашты сынаған әнші қауымына қатысты жағымсыз пікір білдірген-ді. Енді оларға қатысты әншінің ата-анасы өз ойларын айтты. Қанат Айтбаев сынды адамның сағы сынбайтындай етіп жеткізуге кеңес берді.

0блд

Бұл туралы Астана арнасының «Сырласу» бағдарламасында айтылды.

«Оның барлығы – әртүрлі адамдардың жанашырлықпен айтқан пікірлері болар. Бала өседі. Өскен сайын оның көзқарасы орнығып, шеберлігі арта түседі. Әрине, сол кездегі сындардың көпшілігіне қосылмас едім. Дегенмен, әркімнің өзінің пікірін айтуға құқығы бар. Жас балаға сын айтудың мәдениетті формалары болады. Жақсы, кәсіби сынды біз шын жүректен қабылдаймыз. Өйткені, олар өте орынды айтылған. Кейде кәсіби емес сындар болады. Оның барлығын біз дұрыс қабылдаймыз.

Димаштың өзі кәсіби сынды өте жақсы қабылдайды. Ол музыкалық интеллектісі өте жоғары бала. Оны өзіміздің бала болған соң мақтап отыр деп ойламаңыздар. Кәсіби арнаға сыймайтын сындарды үндемей тыңдауы мүмкін. Бірақ, үйге келген соң сол сынның барлығын сараптап, «Маған мына жерде дұрыс айтпаған сияқты. Бұл пікірге қосылмаймын» деп айтып отырады. Адамға сын айтылуы керек. Бірақ, жанашырлықпен, сауатты түрде, сағын сындыратындай емес формада жеткізілуі керек. Димаштың бір жақсы жері алған бетінен қайтпайды», – дейді Қанат Айтбаев.

Ал әншінің анасы ұлының мінезі туралы айтты. Ол кез келген жағдайда сабырлық танытып, әр концерт сайын өзі туралы пікір сұрайды екен.

«Димаш өте сабырлы, ұстамды. Ешқандай да қызуқанды емес. Көп жағдайда біздің өзімізге басу айтып, әдемі ойларын беріп отырады. Кез келген концертке, шараға қатысқаннан кейін, міндетті түрде, бізден пікір сұрайды. Қазан мен Уфа қалаларында 25 концерт өткіздік. Соның басым бөлігінде мен өзім қасында жүрдім. Ал концерт туралы ойды бізге Ақтөбе облысының әкімі тастаған болатын. Ол кісі Димашты Астананың көлемінде қалдырмай, Қазақстанның түкпір-түкпіріне танытқысы келді… Бұл ұсынысқа Димаш қуана келісті. Әр концерт біткен соң Димаш Алпамыс екеуімізді алдына отырғызып «Тек шындарыңызды айтыңыздар. Концерт қалай өтті?» деп сұрайды. Біз жақсы жағын айтып жатсақ, өзінің кем тұстары туралы сұрайды», – дейді Света Айтбаева.


Жіберіп алмаңыз:

Қанат Айтбаев: “Димашты бағаламаған едік” деп айтпаңыздар

Димаш Құдайбергеннің Францияда шырқаған әнінің видеосы шықты (видео,фото)

Асанәлі Әшімов туралы фильм ЭКСПО көрмесіне қойылмақ

Димашты Қазақстандағы Қытай елшілігі құрмет грамотасымен марапаттады

Талқылау