Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Анасын сол күйі таппады": Америкалық отбасы асырап алған қазақ баласы үйленді

Фото: https://www.instagram.com/p_sardar_b/

Журналист Жанар Байсеміз “Шетелдегі қазақ балалары” жобасының кейіпкеріне қатысты жағымды жаңалықты жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

БАҚ өкілі қазақ баласының елге келгенін де айтты. 

"Біздің Сардар үйленді. Жас жұбайлар бақытты болсын. Естеріңізге сала кетейін, Сардар “Шетелдегі қазақ балалары” бағдарламасының кейіпкері болды. Біз Сардармен Юта штатында жолықтық. Кейін өзі туған анасын іздеп Қазақстанға келді. Өз тарапымыздан біз де іздеу жұмыстарын жүргіздік. Көп іздедік. Өкінішке орай таппадық. Қаншама шетел асқан баланың аналарын, әкелерін тауып бердік. Алайда, Сардардың биологиялық анасы құмға сіңген тамшыдай жоқ болды. Сардардың анасын іздеп жатқан кезімізде оның қарындасының туған анасын тауып алдық. Олар табысты. Сардардың америкалық ата-анасы Қазақстаннан екі қыз, бір ұл асырап алған. Енді міне анамды табамын, деген арманына жете алмаса да, аяулы жарын жолықтырыпты. Келініміз үріп ауызға салғандай сұлу екен. Сардар, шын жүректен бақыт тілеймін. Сен менің жүрегімдесің. Құрған отауың берік болсын! Сен нағыз азаматсың",– деп құттықтады Жанар Байсеміз. 



Сондай-ақ күйеу жігіт құттықтап жатқан жандарға алғыс айтты. 

“Мені жақсы түсінетін ең әдемі әйелді таптым. Мен оны жақсы көремін. Екінші жартымды тапқаныма өте қуаныштымын. Онымен өмір сүрген ұнайды. Тіпті сол адамсыз өмір сүре алмайтын сияқтымын. Осы періштені өміріме әкелгені үшін Құдайға күн сайын алғыс айтамын. Жақсы тілек жазып жатқан адамдарға рақмет айтамын”, – деп жазды Сардар. 

Еске салайық, америкалық әйел қазақтың төрт баласын асырап алғанын жазған едік. 

Гүлдана Нұрлыханова
Сәрсенбі, 22 Қазан, 2025 12:18
Талқылау