"Анасы жауаптарды жариялауға қарсы": Педофил деп айыпталған Қолғанат Жұмабаев шындық детекторына отырды
Мектеп оқитын қыздарға ғашық болды деп айыпталған Қолғанат Жұмабаев шындық детекторынан өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Балалармен контент жасайтын блогер журналист Руслан Өтепбайға сұхбат берді.
“Толыққанды шешімім. Өз еркіммен келдім. Өзімнің педофил емес екенімді дәлелдегім келеді", – деді Қолғанат.
Алайда журналист тосын мәлімдеме жасап, құзырлы органдарға жүгінетінін жазды.
“Ерлі-зайыпты блогерлер Қолғанат пен Құлпынайдың арасындағы дау естеріңізде болар. Қоғамның ойы екіге бөлінді. Бірі күйеуі жалған сөйлейді десе, екіншілері әйелінікі дұрыс емес деп санайды. Сондықтан екі блогерге детекторға отыруды ұсындым. Алайда Қолғанат Жұмабаевтың анасы ұлының жауаптарынан соң детекторға отырған видеоны жариялауға қарсылық білдірді. Заң жүзінде тараптардың рұқсатынсыз мен ол материалдарды беруге құқығым жоқ. Шешімді өздеріңіз шығарарсыздар! Менікі ұсыныс болған. Қолғанаттың жауабын құзырлы органдарға тапсырамын", – деп жазды журналист.
Бұған дейін күйеуін педофил деп айыптаған Құлпынай Қанат та шындық детекторынан өткен еді.