Анахронистік заң Қазақстанмен қарым-қатынасымызды шектейді – АҚШ сенаторы
АҚШ сенаторы Крис Мерфи АҚШ конгресін Орталық Азияның үш еліне қатысты Джексон-Вэник түзетуін жоюға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі murphy.senate.gov сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
1974 жылы қырғи-қабақ соғыстың қызған шағында қабылданған түзету Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанға қатыстылығын жалғастыруда. Ол Кеңес Одағы елдеріне сыртқы сауда санкцияларын енгізді.
Крис Мерфи Джексон-Вэник түзетуінің күшін жою АҚШ-қа үш елмен тұрақты сауда қатынасын орнатуға мүмкіндік береді деп санайды.
"Өкінішке орай, анахронистік заң біздің жолымызға кедергі болып тұр. Кеңес Одағы әлдеқашан кетті, бірақ қырғи-қабақ соғыс дәуірінің бұл реликті Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанмен қарым-қатынасымызды шектеп келеді", – деді Мерфи.
Джексон-Вэник түзетуінің күшін жою туралы заң жобасы осы жылдың мамыр айында Конгресске ұсынылды.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады