Ән айтайын ба? Айсәуле Бақытбек вокалдық қабілетін көрсетті (видео)
КешYou тобының құрамы ауысқан сайын, Баян Мақсатқызы қыздарының әнші болмағанына өкінеді! Себебі продюсердің айтуынша, қарамағындағы әнші бөтен адам емес, өз қызы болғанда, жұмыс істеу әлдеқайда жеңіл болар еді. Әрі туған қызым өзімді сатып кетпейді, деген болатын продюсер бір сұхбатында, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Баян Алагөзова кішкентайынан тұңғышы Айсәулені вокалға, ал екінші қызы Айаруды фортепиано сыныбына берген. Айсәуле ән сабағына аттай алты жыл қатысқанын айтады. Алайда бойжеткеннің бұл еңбегі жеміссіз болған көрінеді.
“Иә, мен ұлы әнші емеспін. Жалпы табиғатымнан есту қабілетім болған емес. Өзімнің музыкалық отбасымда қара аққу сезінетінмін, сондықтан да бір ғажап болып қалар деген үмітпен 6 жыл бойы эстрадалық вокалға бардым. Дауыстың қуаты қосылған жоқ, бірақ есту қабілетім әжептеуір жақсарды. Оны видеодан байқауға болады деп үміттенемін”, – деген Айсәуле вокал сабағында дайындалып жатқан видеосын жариялады.
Бойжеткеннің аяқ астынан мұндай әңгіме қозғауында бір сыр бар. Айтуынша, көптеген адамдар Айсәулеге жеке хат жазып, “баламды сахнаға шығаруға көмектес” деп өтінеді екен.
“Менің ондай нәрсеге мүлдем қатысым жоқ. Одан да өз балаларыңызбен айналысыңыздар. Вокалға, хореографияға беріңіздер. Менің бере алатын көмегім, осы саланың мамандарын ғана тауып бере аламын. Ол, әрине, еліміздің ең мықты музыкалық продюсері әрі менің әпкем – Бағым Мұхитденова”, – деп түсіндірді Айсәуле.
Алғашқыда “менен әнші шықпайды” деген Айсәуле ақырында сахна жұлдызы болудан әлі де үмітті екенін жеткізді. Бұл орайда ол желідегі оқырмандарының пікірін сұрады.
“Әлі де болса музыкамен айналыссам деймін, әйтеуір артық болмасы анық. Жалпы ән айтқаным дұрыс па? Тек шындарыңызды айтыңыздаршы”, – деп түйіндеді сөзін ол.
Ал желі оқырмандары Айсәуленің есту қабілетін байқап, оған әнші болуға кеңес берді.
Оқи отырыңыз:
Сұлулық байқауына қатысқан жігіт Ләйлә Сұлтанқызын еліміздегі ең әдемі әйелге теңеді
Баян Алагөзова: Екі жыл бұрын көз жұмғанымда, маған мүмкін бір атақ берер ме еді
Қайратты 18 жасында үйлендірген анасы кенже ұлының ерте шаңырақ көтеруіне қарсы шықты
Гүлзира Айдарбекова үшінші келініне қандай талап қоятынын ашып айтты