Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайратты 18 жасында үйлендірген анасы кенже ұлының ерте шаңырақ көтеруіне қарсы шықты

Таяуда Қайрат Нұртастың шаңырағында тағы бір той болатын тәрізді. Әншінің кенже інісі Заңғардың сүйіктісімен түскен суреттері желіде тарап кеткен. Бірақ, Гүлзира Айдарбекова ұлының ерте үйленгенін қаламайды…

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Қайраттың інісі Заңғар 22 жаста! Бүгінде бозбала жігіттің көңіл қосқан сүйікті қызы бар. Ғаламторда тараған ғашықтардың мына суреттерін, қазнет қолданушылары қызу талқыға салуда. Ал, Айдарбековтер әулетінің кенжесі, ата-анасына болашақ жұбайын таныстырудың оңтайлы сәтін күтіп жүр.

“Менің ойымша жақын арада мүмкін. Сәті түссе. Сүйіктім бар. Әлі таныстырған жоқпын. Уақыты келгенде таныстырамын”, – дейді Заңғар.

Алайда, жұлдызды ене келін түсіруге дайын емес болып шықты! Былтыр ғана екінші ұлын үйлендірген Гүлзира ханым, әзірге кіші атұстарының отағасы атануын құптап отырған жоқ!

“Қазір енді келін түсірмейтін шығармыз деп отырмын. Біраз бойдақ болып жүрсін. Екі-үш жыл көрсін өмірді”, – дейді Айдарбекова.

Бірақ болашақ абысынын Жұлдыз Әбдікәрімова жақсы таниды. Кенже қайнысы жеке өміріндегі жаңалықтарын жеңгесінен жасырмайды екен.

“Әрине, міндетті түрде! Таныстырды, оны танимын. Олардың әрбір қадамы, әрбір ойы маған маңызды. Олар менімен бөлісіп жатады. Ең алдыменен. Ол келінді де бұйырса түсіреміз!” – дейді ол.

Соңғы кездері Заңғарды сахнада да жиі байқап жүрміз! Ағасының «Жанұялық шоуында» өнер көрсеткен ол, Қайратпен ағылшын тілінде ән шырқаған еді.  Ағайындылар орындаған тың тректің аудионұсқасы күні кеше желіге жүктелді.

Оқи отырыңыз: 

Гүлзира Айдарбекова үшінші келініне қандай талап қоятынын ашып айтты

Мақпал Жүнісова Мұхтар Шаханов үшін әруақтардан кешірім сұрады (видео)

Асанәлі Әшімовтің келіншегі абыз актердің бұрынғы әйелімен және балаларымен қарым-қатынасы жайлы айтты

Димаш Әділет әйелін әлемдегі ең бақытты жан етуге уәде берді

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр