Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық көңілдес бастығы ресейлік хатшысына мұрагерлікке $1 млн қалдырған (видео)

Воронеж тұрғыны аяқ астынан миллионер атанды. Оған қомақты қаражат АҚШ-тағы көңілдесінен қалған. Кәсіпкердің өзге үш мұрагері қаза болған.

Безымянный

 

Марина Рыжкова Воронеж университетінде оқи жүріп, бағдарламамен АҚШ-қа атанады. Осы елде қалуды ұйғарып, банк директорының хатшысы болып жұмысқа орналасады.

Марина сол кезде тұрмыста болғанына қарамастан басшысы Майкл Эреймен көңіл қосады.

«Ол мен түскі асқа, кешкі асқа апарып жүрді. Екеуміз бірге атпен серуенге шығатынбыз. Біздің көзқарасымыз бен талғмымыз ұқсас болатын», – дейді Марина.

Алайда, бірнеше уақыт өткен соң банк басшысының денсаулығы сыр беріп, қатты ауырып қалады. Осы кезде Марина үнемі оның жанында болады.

Ақырында дертінен көз жұмған кәсіпкердің Маринаға Калифорниядағы миллион доллар тұратын үйі мен жерін мұраға қалдырып кеткені белгілі болады.

Мұрагерлікте оның әпкесі мен қызы, тағы жақын құрбысы да болған. Алайда, мұрагерліктің аз бөлігі ғана тиген құрбысы Майклдың әпкесі мен қызын өлтіріп, соңынан өзіне қол жұмсапты.

Өлер алдында қызы Ханна Эрей әкесімен түскен суретін желіге жариялаған екен.

Жіберіп алмаңыз:

Қытайлық қария бар жиған-тергенін итіне мұраға қалдырды

Араб әмірлігінің тақ мұрагері қалай өмір сүреді (фото)

Талқылау