Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Амандық Баталов 100 жасқа толған президенттің ұстазының иығына шапан жапты

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов 100 жасқа толған соғыс ардагері әрі президенттің ұстазы Сейітхан Исаевты ғасырлық мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

20170508180420

Гүл шоғы мен арнаулы сыйлық сыйлаған әкім мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын оқып берді.

“Құрметті Сейітхан аға! Сізді 100 жылдық мерейтойыңызбен құттықтаймын. Бұл үлкен және маңызды сәт. Сіз отанды үлкен қажырмен қорғап, екінші дүниежүзілік соғысқа қатыстыңыз. Және бейбіт заманда да сіз еңбек етуді үзіліссіз жалғастырып, ұзақ жылдар бойы ұстаздық қызмет атқарып, қазақстандықтардың түгелдей бір буынын тәрбиелеп шығардыңыз. Мен сіздің шәкіртіңіз болған шақтарды әрдайым қуанышпен еске аламын. Ең бастысы, біздің тәуелсіз еліміздің куәгері болдыңыз. Сізге зор денсаулық, алдағы өміріңізде де қуанышты сәттердің көп болуын тілеймін”, – делінген құттықтау хатта.

Осылай деп президент құттықтауын оқып берген әкім, ақсақалдың иығына ақ шапан жапты.

20170508180048

“Біз ардагерлер, бізге көрсетіп отырған ерекше қолдауы үшін президентке шексіз алғыс айтамыз. Осының арқасында біз тәжірибемізбен бөлісіп, көрген-білгенімізді ұрпаққа айтып келеміз. Мен туған еліміздің, туған Жетісу өңірінің даму жолын әркез бақылап отырамын. Алматы облысының дамып, жетістіктерге жетіп келе жатқаны мені өте қатты қуантады. Елімізде тек көркею, гүлдену, бейбітшілік пен келісім болсын”, – деді Сейітхан Исаев.

Оқи отырыңыз:

Нұрсұлтан Назарбаев мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, тағзым етті

Астаналық ардагерлерге Жеңіс күніне 500 мың теңгеден бөлінді

Павлодар облысының әкімі аттан құлап жарақат алды

Көкшетау имамы өзіне сыйлаған көлікті мешіттегі тазалықшы әйелге берді

Талқылау