Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"AMANAT": Сауран ауданының тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

Бүгін "AMANAT" партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Қалыйма Жантөреқызы Сауран ауданы Шаға ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Жүздесуде "AMANAT" партиясының алдағы 5 жылға арналған сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Атап айтқанда, "Amanat" партиясының 2023 – 2027 жылдарға арналған "Халықпен бірге!" сайлауалды бағдарламасының 10 міндеті айтылды. Бақуатты өмір, лайықты жұмыс пен еңбек жағдайы, әлеуметтік қамқорлық, сапалы білім мен медициналық қызмет, жеке баспана мен жайлы инфрақұрылым, қуатты әрі өзін-өзі қамтамасыз ететін экономика, түлеген ауыл мен ауқатты ауыл тұрғыны, құндылықтары ортақ және біртұтас қоғамның мүшесі болу, жастармен бір толқында, жақсарған экология: таза ауа, таза жер, таза су, жемқорлықтан арылған, қауіпсіз және құқықтық мемлекетте өмір сүру сынды жүйелі бағыттары толыққанды баяндалды.

Сондай-ақ, кездесуде ауыл тұрғындарының мәселелері тыңдалды. Шағалықтар ортақ жайылымның аздығы, электр желісін жаңарту, суармалы жерлерді қайтару  мәселелерін көтерді. Тиісінше "AMANAT" партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Қалыйма Жантөреева барлық мәселелер назарға алынып, мәселелердің оң шешімін табуына партия ықпал ететіндігін жеткізді.

Сонымен қатар, кездесуге қатысқан тұрғындарға саяси науқанға белсене атсалысып, "AMANAT" партиясына дауыс беруге шақырды.

Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.