Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аляскада аспаннан жарқыраған спираль тәріздес жұмбақ құбылыс пайда болды

Аляскада аспаннан спираль тәріздес солтүстік жарқылға ұқсас жұмбақ құбылыс байқалды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Аляска тұрғындары аспаннан көгілдір және жасыл түстердің ерекше құбылысын байқады. Көпшілік мұны Солтүстік жарқылға ұсқсатқанымен себебі мүлде басқа болып шықты. 

Құбылысқа жақында Калифорниядағы аэродромнан ұшырылған, орбитаға 25 спутникті тасымалдауы тиіс SpaceX зымыраны себеп болған. Ұшыру кезінде жанармай төгілген.

Желі қолданушылары басында бұл бөгде ғаламшарлықтардың шабуылы ма, әлде басқа әлемге кіруге арналған портал ма деп дауласқан. Осыған орай ғарыш физигі, Фэрбенкстегі Аляска университетінің геофизика кафедрасының ассистенті Дон Хэмптон жағдайды түсіндірді.

"Кейде зымырандарды ұшыру кезінде отын мәселесі туындайды. Кейін артық отынды төгуге тура келеді. Төгілген кезде ол атмосферада жанып, әдеттен тыс із қалдырады. Керемет өрнек зымыранның лақтырылған жоғарғы сатысы Аляска үстінен ұшып өткеннен кейін пайда болды. Сөйтіп бұлт спиральға айналған", – деп түсіндірді ол.

Талқылау