Алтынай Жорабаева 4 қызымен бірге Таиландқа аттанды
Әнші Алтынай Жорабаева 4 бірдей қызын ертіп Таиландқа ұшып кетті.
Бұл туралы Жорабаева желідегі парақшасында жазды.
«Астана-Бангкок. Алла жол берсін», – деп бөлісті әнші.
Жаңа жыл таяп қалған тұста сапарға шыққанына қарағанда Жорабаева кішкентайларымен бірге 2017 жылды өзге елде қарсы алатынға ұқсайды.
Желі қолданушылары Жорабаева мен оның қыздарына сәт сапар тіледі. Көпшілік әншіден не себепті жолдасының көрінбейтінін сұраумен болды. Сондай-ақ, төрт перзентінің де Алтынай Жорабаеваның өзіне ұқсайтынын айтқандар көп болды.
«Бақытты жансыз, 4 жағыңызда 4 қызыңыз бар», «Қыздарыңыз өзіңізден аумай қалыпты қасы-көздері қиылып», «Қыздарыңызбен бірге суретке түсіп жүресіз. Сәбит қайда?» «Жолдасыңыз қайда?», – дейді желі оқырмандары.
Жіберіп алмаңыз:
Әнші Айша әкесінің өмірден озғанын 10 жыл бойы білмеген
Кітап оқымайтын қыздарды сынға алған Нұрпейісов роман желісіне құрылған фильмге түспек
Дастан Оразбеков Төреғали Төреәлімен болған жанжал туралы айтып берді
Әнел Әрінова: Ұлым болғандықтан камераның алдында шешіне алмаймын