Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кітап оқымайтын қыздарды сынға алған Нұрпейісов роман желісіне құрылған фильмге түспек

Жуырда ғана сұлулық байқауында кітап оқымайтын қазақ қыздарын сынға алған танымал актер Әнуар Нұрпейісов кино әлеміне қайта оралды. Білімділік мәселесін көтерген актер роман желісі бойынша түсірілетін фильмде бой көрсететін болды.

ануар нурпеисов_15

Бұл туралы Гәкку арнасы хабарлады.

Біраз уақыттан бері көрермен көзінен тасада болған актер «Қазақстан аруы-2016» байқауында төрелік етіп, өзінің бар екенін еске салды. Қазақстандық қыздарды жасанды кірпік пен бес тонна бояудан бас тартуға шақырған Нұрпейсіовті қолдағандар да, қарсы шығып даттағандар да көп болды.

Ел бұл тақырыпты талқылап жатқанда Нұрпейісов құр жатпай түсірілім алаңына еніп кетті. Нақтырақ айтатын болсақ, ол режиссер Фархат Шәріповтің «Кірпіштер 2.0» («Кирпичи 2.0») фильмінде бой көрсетпек.

Айта кететін жайт, аталмыш фильм сценарийі Данияр Сугралиновтың кітабының желісіне құрылған.

Ал Нұрпейісов пен Шәріпов бұған дейін танымал «Сказ о розовом зайце» фильмінде бірге жұмыс істеген.

Жіберіп алмаңыз:

Желі оқырмандары Тәуекел Мүслімге Кәмшат Жолдыбаеваға үйленуге кеңес берді

Сәуле Әбединова күйеуінің өзге әйелден сәби сүйетінін білгенде оған рұқсатын бергенін ашып айтты

Бүркіт пен Айшаға өздерінің есімі жазылған ұшақ тарту етілді (фото)

Тыңдарман қыз Айқыннан күйеу тауып беруді өтінген (видео)

Талқылау