Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тыңдарман қыз Айқыннан күйеу тауып беруді өтінген (видео)

Айқын Төлепберген Жаңа жыл мерекесі қарсаңында тыңдармандарын қуантуға бел буды. Әнші өзінің желідегі оқырмандарына сыйлық таратты, деп хабарлайды Stan.kz.

айкын ата_14

Аяз атаның киімін киіп алған Айқын, алдымен, желідегі оқырмандарынан Жаңа жылға не қалайтындарын сұрады. Әншінің айтуынша, кейбір бойжеткендер Айқыннан ақылға қонымсыз нәрселер сұраған. Мәселен, бір бойжеткен Айқыннан күйеу тауып беруін өтінсе, ендігі желі оқырманы несиесін төлеп беруді тілеген.

«Құрметті, достар! Бұл Айқын-ата. Сіздердің тілектеріңізді оқыдым, рахмет. Бірақ барлықтарыңыздың сұрағандарыңызды бере алмаймын. Біреулер несиемді жауып бер деп, енді біреулер күйеу тауып бер деп сұрап жатыр. Бірақ бұл балалар мейрамы болғандықтан, мен балалары үшін сыйлық сұраған барша жандардың тілегін жерде қалдырмайын дедім. Өзім белгілеп қойған жандар хабарласыңыздар. Жаңа жыл құтты болсын», – деді Айқын.

Желі оқырмандарының басым бөлігі Айқынның ақкөңілділігіне, қолының ашықтығына тәнті болды. «Өзіне жарнама жасау мақсатында осындай қадамға барды» деп айыптағандар да табылды.

Жіберіп алмаңыз:

Сиви Махмұди елден жасырған күйеуін көрсетіп оған деген сезімін білдірді (фото)

Жадо өзін “сауатсыз әрі семіз” деп кемсіткен Түсіпбаеваны сотқа берген

Кәмшат Жолдыбаеваның жаңа фотосессиясы желіні шулатып жіберді (фото, видео)

Жәния Джуринская: Таиландта жезөкшелер мен трансвеститтер көп

Талқылау