Альпі тауларында қар көшкіні жүріп, 13 адам қаза тапты
Демалыс күндері Альпі тауларының Аустрия, Италия және Швейцария аумағындағы бірнеше тау шаңғы курортында қар көшкіні жүріп, 13 адам қаза тапты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: ZOOM.TIROL
ВВС агенттігінің хабарлауынша, қар көшкіні қаупі Аустрия мен Италияның солтүстігінде орналасқан тарихи Тироль аймағына жауған қалың қар мен қатты желден кейін артқан. 4 ақпан күні онда 30-дан астам көшкін тіркелді. Бірнеше адам әліге дейін із-түзсіз жоғалғандар тізімінде, себебі ауа райының қолайсыздығынан құтқару жұмыстары баяулаған.
Тиісті ескертулерге қарамастан, батыс Аустриядағы тау шаңғысы курорттарында мектеп демалысына сәйкес келген 13-19 ақпан аралығында адамдар лық толы болған. Жексенбіде Аустрия полициясы бес адам қаза тапқанын, оның ішінде 59 жастағы ер адам қайтыс болғанын хабарлады. Ол үйін қардан тазартып жатқан кезде көшкін астында қалған. Құтқарушылар сонымен қатар Сент-Антон-ам-Арльбергте шаңғы гидінің және Тиролда шаңғы теуіп жүрген 62 жастағы ер адамның денесін тапты.
Шаңғы базасында өз елдің азаматтары да болған. Мәселен сенбі күні 17 жастағы жаңа зеландиялық, 32 жастағы Қытай азаматы және 50 жастағы Германия азаматының мәйіті табылды, олар белгіленген шаңғы трассаларынан тыс жерде шаңғы тепкен.
Сондай-ақ Швейцарияда 56 жастағы әйел мен 52 жастағы ер адам Оңтүстік-Шығыс Граубюнден кантонында қар астында қалып қойған. Швейцария полициясы үшінші адамның аман-есен қашып үлгергенін хабарлады. Италиялық Тиролда сенбіде Бавариядан келген әйел көшкіннен мерт болды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік