Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлнұр Ильяшевтің бас бостандығын үш жылға шектеді

Қоғам белсендісі Әлнұр Ильяшевқа 3 жыл бас бостандығын шектеу, сонымен қатар саяси және қоғамдық қызметпен айналысуға 5 жыл тыйым салу жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Альнур Ильяшев

ҚР ҚК-нің "төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат тарату" бабында қарастырылған қылмысты жасау туралы іс бойынша сот процесі Алматыдағы №2 Медеу аудандық сотында өтті.

Сот шешімімен белсенді қамаудан босатылды.

Әлнұр Ильяшев әлеуметтік мәселелерге, адам құқығы мен бейбіт жиын еркіндігіне қатысты қоғамдық шараларға қатысуымен және қалалық әкімдікке қарсы берген арызымен танымал. Ол қала әкімдігіне бейбіт митинг өткізу үшін берген 35 өтініші кері қайтарылып, тек 36-нда ғана рұқсатқа қолы жеткен.

STAN.KZ
Сейсенбі, 23 Маусым, 2020 08:45
Талқылау