Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық инженер шартты мерзімге сотталғандардың қашып кетуіне жол бермейтін білезік ойлап тапты

Алматылық өнертапқыштар «электронды білезік» жасап шықты. Ол, шартты түрде сотталатындардың аяғына немесе қолына тағылады.

28daf52ce552d260e6a2ea57a0c6d132_L

Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды.

Қазір құрал Ішкі Істер Министрлігі басшыларының қарауына жіберілген. Инновациялық жобаларды дайындайтын компания білезікті мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағдарламасы бойынша жасап беруге әзір. Есте болса, жазасын шартты түрде өтейтіндердің мәселесін тұсаумен шешу 2014-ші жылы қызу талқыланған еді. Ол кезде шетелдік аналогтардан асып түсетін отандық құрал мүлде болмаған. Енді мамандар сәуір айының аяғында білезіктің жұмыс істеу қабілетін пилоттық түрде сынап көрмек.

28daf52ce552d260e6a2ea57a0c6d132_L

Алматылық инженер Таир Балбаев отандық білезікті құрастыруға 1 жылын сарп еткен. Сенсорлы құралдың 3 деңгейлі қорғау жүйесі бар. Оңайшылықпен шешілмейді, адам аяғын қажамайды. Оған қоса гипоаллергенді. Ал білезіктің батареясы 3-тен 5 жылға дейін тынбай жұмыс істеуге қауқарлы. Бақылау құралымен бірге мобильді станция да қоса беріледі. Құрылғы 2 сим карталы. Бұл жазасын өтеушінің жүрген бағытын нақты анықтауға көмектеседі. Білезік соққыға төзімді, онымен суда қорықпастан шомылуға да болады. Мобильді станция  қуат көзінсіз 2 тәулікке дейін жұмыс істейді. Ауа райының -20 градустық суығы мен +40 градустық ыстыққа төзімді. Әлемде білезіктің бірнеше ғана аналогы бар. Мамандар хакерлік шабуылға да қарсы бағдармала дайындап жатыр.

«Қазақстанда жасалған білезіктің ерекшелігі көп. Мәселен, біздің құралда қауіпсіздік инновациялық жолмен қорғалады, қадағаланады. Оның бауын кесу мүмкін емес. Ал оны үзіп тастауға оқталғанның өзінде бірден дабыл қағылып, ақпарат жылдам Ішкі Істер министрлігіне жетеді. Білезіктің иесі туралы ақпарат базаға әр секунд сайын жіберіліп отырады. Әлемдегі басқа білезіктердің жүйесі қазір ескіріп қалды. Біздің отандық өнімде 2016-шы жылғы бағдарлама қондырылған. Бұл да жұмысты анағұрлым жеңілдетеді»,- деді Инновациялық жобаларды құрастыратын компания басшысы, Таир Балбаев.

Заңгерлер жүйені пробацияның бір жолы болғандықтан тиімді деп санайды. Оған қоса электронды білезік мемлекеттің қаржысын үнемдейді. Шетел тәжірибесіне жүгінсек, АҚШ-тың 50 штатының 49-ында, Ұлыбритания, Франция, Германияда электронды білезік белсенді қолданылады екен. Ең бастысы бұл өзге елге еліктеу емес, оның тиімді жүйесін қолдану деп отыр. Ал үкімет шамамен әр сотталушыны түрмеде асырауға 1 жылда 800 мыңнан 1 млн теңгеге дейін қаржы жұмсайды. Үнемделген ақшаны заңгерлер басқа да қажеттіліктерге жұмсау керек деп отып. Әр жазасын шартты түрде өтейтіндерге электронды түрде ізін қадағалап отырады. Бағдарламада әр адамға сот шешімі бойынша рұқсат етілген және етілмеген мекендер алдын ала қондырылған.

«Белгілі бір санаттағы қылмыс жасаған тұлғалардың жаңадан қылмыс жасамауына және де оның мінез-құлқына, жүріп-тұруына қадағалайтын және де оның бостандыққа шыққанан кейін немесе жазасы одан жеңіл жазаға ауыстырылғаннан кейін ол қоғамдағы бұрынғы сотталғанға дейінгі өзінің әлеуметтік және де басқа да байланыстарын орнату, орнына келтіру шарасы болып табылады. Сол себептен егер қолданылып жатса онда тиімді деп санаймын»,- деді Заңгер, Тимур Рахымбай.

«Мен бұл жүйені елімізге аса керек деп есептеймін. Бұл жүйе шалыс басқандарды түзейді. Бір пайдасы туған-туыстарымен байланыс жоғалтпайды. Жұмыста істей беруіне болады. Жалпы өзін қоғамның бір мүшесі ретінде сезінеді. Жазасын өтеуші құрал арқылы өзін-өзі бақылай алады. Жасаған ісін саралайтын болады. Темір торда жатып оның көзқарасы өзгеріп, жаман әдеттерге бой алдырып кетуі мүмкін ғой. Ал оларға жұмсалатын ақшаны басқа қажеттіліктерге жұмсайық»,- деді Заңгер, Марат Үсіпбеков.

Есте болса, электронды білезік арқылы бақылау мәселесі 2014-ші жылы жарыса талқыланған еді. Ол кезде құралды 2015-ші жылы қолдану жоспарланған болған. Тіпті мемлекет аталған мақсатқа бюджеттен 2,5 млрд теңге бөлінуді құптаған. Енді Ішкі Істер министрлігі ұсынған жүйе мемлекеттен қолдау тапса, сотталушыларға арналған электронды бiлезiк жүйесi 2018-ші жылы енгiзiлмек.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда мектеп оқушысын зорлаған жездесі болған жайтты өз аузымен баяндап берді (видео)

Қазақстандық ғалым жасартатын білезік ойлап тапты

Астанадағы балалар үйінің аспазы басшыларының өз үйіне тамақ дайындататынын айтты

Талқылау