Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда мектеп оқушысын зорлаған жездесі болған жайтты өз аузымен баяндап берді (видео)

Алматы облысы Қарасай ауданындағы тұрғын үйлердің бірінен 11-сыныпта оқитын қыздың өлі денесі табылды. Қаскөйдің жеке тұлғасын анықтаған тәртіп сақшылары 35 жастағы күдіктіні ұстады.

photo_19999

Ішімдікке салынған 35 жастағы ер адам қылмыстың қалай болғанын өзі баяндап берді. Оның әйелі балаларын алып кетіп қалған. Алайда жұмысқа шығуы керек болғандықтан 17 жастағы сіңлісі мен балаларын күйеуінің қасына жібереді. Күйеуі балдызы Әйгерімді алдымен араққа жұмсайды. Балалары бұл кезде сыртта ойнап жүрген. Ішімдікке масайған соң ол Әйгерімді бас салып зорлайды. Кейіннен балаларын ұйықтатып тастап, қыздың денесінін кілемге орап диван астына тығып қашып кетеді, деп жазады patrul.kz.

Видеодан күдіктінің қылмыс жасаған соң подъезден шығуға бірнеше рет шығуға оқталғанымен, батылы жетпей әрі-бері жүргенін көруге болады.

Жарма ауданында тығылып жүрген күдікті 1 сәуір күні ұсталды.

Тергеушінің айтуынша, қыз болған жайтты әке-шешесіне айтатынын жеткізгенде, қылмыскер оны өлтіріп тастауды жөн көрген.

Жіберіп алмаңыз:

Астанадағы балалар үйінің аспазы басшыларының өз үйіне тамақ дайындататынын айтты

Алматыда үшем туған әйел көмекке мұқтаж

Науқас қыз тексеру кезінде қыздығынан айырған дәрігерді сотқа берді

Талқылау