Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық карикатурашы әнші Болмановқа жауап берді

Қыдырәлі Болманов алматылық карикатурашымен соттасқалы жатыр. Атақты әнші суретшінің туындысынан ар-намысым қорланды деп, ел алдында кешірім сұрауды талап етті. Даулы карикатурада Болмановқа ұқсайтын ер адам төсекте ойланып отыр. Бұл туралы КТК хабарлайды.

8a15414ba88f55eeb948f44aacb965a6-561x620-1

Ал оның жанында жалаңаш әйел ұйқыға кеткен. Суретті салған шебер суреттің Болмановқа қатысы жоқ жәй шығарма екенін айтады. Бірақ танымал жұлдыз карикатурадан өзін жазбай танығандықтан, сотқа құжаттарын дайындауға кіріскен.

Болмановтың шамына тиген карикатура қазір интернетте хитке айналып кетті. Онда танымал әншіге ұқсайтын ер адам төсегінде қалың ойға батқан. Арғы жағында жалаңаш әйел теріс қарап ұйықтап жатыр. Киімінде “Қ” деген әрпі бақырайып тұр. Карикатураны намыс көрген ол авторынан ел алдында кешірім сұрап, суреттің өзін өшіріп тастауды талап етті.

Алайда суретшінің айтуынша, картина біреуді келеке қылу емес, уақытша тіркеу туралы заңды ащы мысқыл арқылы жеткізу мақсатында туғанын айтады. Сондықтан Болманов алдымен карикатурадағы нағыз өзі екенін дәлелдеп берсін деп отыр.

“Бұның типажы Қыдырәліге ұқсайтын кісі. Ол нақты Қыдырәлі деп еш жерде жазған жоқпын. Ол ұқсайды. Сотта көре жатармыз. Ал былай кешірім сұрамаймын”, – дейді суретші Мұрат Ділманов.

Ал әнші суреттен өзін жазбай таныпты. Тіпті даулы карикатураны сараптамаға беріп қойған. Бірақ заңгерлердің айтуынша, сараптаманың қорытындысы сотта толық дәлел бола алмайды.

“Ешқандай сараптама бұл Қыдырәлі Болманов деп жүз пайыз көрсете алмайды. Өйткені, ол заң талаптарына қайшы болады. Сарапшы тек қана суреттегі адамның Болмановқа қанша пайыз ұқсастығы бар,соны пайызбен негіздей алады”, – деді адвокат Жандос Тұяқов.

Бұл жанжалға атақты әншінің бір басылымға берген сұхбатында жер митингісіне қатысты айтқан сөзі май құюы мүмкін. Себебі Болманов былтыр жазда жерге қатысты шудан халықтың назарын бұру үшін тоқал аламын деп елді дүрліктірген. Кейін онысы өтірік боп шықты. Ал ұлт үшін қызмет қылып жүргенін айтқан жұлдыздың өзі сұхбат беруге қарсылық білдірді.

Дегенмен, екі тарап жақын күндері жүздесіп, мәселені өзара түсіністікпен шешіп көрмек. Дау сонымен бітпесе, әрі қарай сотқа кетуі мүмкін. Карикатура шебері ол жағдайға да дайын екенін айтады. Тіпті қазірдің өзінде тегін адвокаттық көмегін ұсынғандар табылып жатыр екен.

Бұған дейін карикатурашыны сотқа бермек болған Қыдырәлінің шешімін жұрт сынға алған еді.

Оқи отырыңыз:

Жұрт “Ninety one” әнін домбырамен орындаған жігітті Мейрамбек Беспаевқа ұқсатты (видео)

Дастан Оразбеков іштегі жанайқайынан қалай арылатынын айтты (фото)

Баян Есентаеваның жаңа сүйіктісінің екі ересек баласы бар (фото)

Аша Матай жаңа істі қолға алды

Талқылау